Смартфоның құлы
Даланың дархан даласында өскен сап ауаны ғана жұтатын тау халық қазекең үшін соңғы он жылда сұмдық деп сүркейлендірмейтін жаһанданудың жағадан алғаны соншалық, бастағы ми телефонды емес, телефон бастағы миды жүнше түтетін, ойсыз ақпараттарды жігерді құм, сананы сарсаң қылатын дәрежеге жетті. Бұған карантиндегі онлайн өмірді қосыңыз. Қазіргі жұтаң тірлікті тіркеңіз, қайда қашып құтыласыз. Интернет сізге жалынбайды, сіз интернетке тәуелді болып қалдыңыз, тәуелсізбін деп тауға қарап ұлысаңыз да ұрпағыңыз сізге ілеспейді. Бесікте жатып-ақ жаһанды жалпағынан басып жатыр әр сәби.... Қағаз-қалам, газет-журнал, теле-радио, дүрілдеп тұрган, почталионды төрт көзбен күтіп, маркасын махаббатпен сақтайтын кешегі заманда табиғи апат, сұрапыл соғыс дейтін бір-екі зұлматтан ғана алаңдағаны болмаса, өмір бейғам, уақыт жеткілікті, денсаулық мығым, пейіл кең, көрші-қолаң тұрмақ, көлденең кезіккенің өзі құдай қонағың еді. Қазіргідей алмастырып маска киу, уақ-уақ вакцинациалау атымен жоқ еді. Ешкімнен именбейтін, бар иеміз жалғыз құдай, қалғанымыз қатардағы пендеміз шен емес шежіре қымбат, қалта емес, қадір қымбат, қызы ибалы, ұлы намысты, ертегідей дәуір өтті Қазақ даласында... Ал қазір, үрейге толы өмір, жетпейтін уақыт, аңқау ауыл, қарбалас қала, қазір басқан тірлік телефоны болмаса балаңды іздеп таппай қаласың, абайламасаң түтін сорған қызың, құлқы төмен ұлың бар. Тапқан анасынан бей хабар жетімханалар мен баққан баласынан безінген қарттар үйін айтпағанның өзінде... Түзднгің құрысын, үйдегі теледидардан қолыңдағы телефоннан көңіл аулар бір қызық көрейін деп ашып қалсаңыз, қаптанған арзан күлкі, ыңырсыған ән, тексіз дүние, атыс-шабыс, өрт, су, жол апаты т.б аянышты ақпараттар мен кедей сорлы түгі жоқ үйсіз-күйсіз, көмекке мұқтаж дейтін, садақа жарнамалардан жаңыласыз. Құнды мазмұндар аз, қасқалдақтың ханындай іздеп таппайсыз демек, әлемді ақпарат соғысы билесе де, ұлттық рухын билетпей отырған Жапониядай озық ел тозбас ғылымның көшінде, әркім өз сүйген кәсібімен біздегідей екінің бірі саясаткер емес. Телефон өмір бөлшегіне айналса да көңіл өлшемі емес, беті жаман ауыру қанша қатерлі болса да дәл телефондай руханиятыңды жаулай алмайды. Ал шағын екран сүзгіден өтпесе, шахшадай басты шарадай етпей тынбайтын ақиқат ойлан қазақ, ояан қазақ!