АТЫҢДЫ ШЫҒАРАМЫН ДЕП, АБЫРОЙЫҢНАН АЙЫРЫЛМА!

АТЫҢДЫ ШЫҒАРАМЫН ДЕП, АБЫРОЙЫҢНАН АЙЫРЫЛМА!

   Атам қазақ ықылым заманнан шындыққа шынайлылықпен мән беріп, ұрпақ тәрбиелеген текті ұлт. Өкінішке орай, жаңа заман талабына сай “нарықтық жүйе” адамдар қажеттілігі жолында қабілетін өзгеріске ұшыратты… Яғни көбісі болмаса да заман көшіне ілесе алмағандары өз білгенімен «өзімшілдік» ағымы жетегіне желпіне ілесіп кетті….  
     Соңғы кезде: «Сын айту үшін шын айт, Шын айтпай, сын айтпа» деп айтуға бәріде құмар. Ал шындықты нақты ақтарыла айтып жүргендері  шамалы….  
      Кейде өз өтірігіне өзі сенетін Қожанасыр аңызының кейіпкері іспеттес жандар да жоқ емес…
      Қазақтың біртуар абыройылы азаматы, рухы асқақ рухани байлықты паш етіп кеткен абыз ақсақалдардың бірегейі Шерхан Мұртаза:«Шындықты ақтарылып айту өте қиын. Бәлкім, дүниеде ең қиыны осы шығар. Адамдар шындықты айтпайын демейді. Айтайын десе қорқады. Бірақ Құдайды қайтеді? Құдай бәрін көріп тұр ғой! Адам Құдайды да алдауды үйренеді» деп айтып жазып кеткені ойландыратыны тағы бар…
Орынды іске жүгіріп ой таппаған,
Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт,
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған. - деп Хәкім Абай бекер жырламағаны да анық…
      Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төрегелді Шарманұлының: «Адам баласы айналасына жылу, мейірім шашып жүруі керек. Біреу туралы көреалмаушылық, кертартпа ой болса, ол адамның өмірі жақсы емес. Әрқашан жақсы ойлау керек. Жақсы ой, жақсы пікірде жүру керек. Өзім бәсекелесіп жүретін адамнан қашқақтаймын. Мұндай адамнан мейілінше аулақ жүрген дұрыс»-деген екен
   Мен бұл қасиетті жандардың сөзін, ұстанымын неге қайталап оқырмандардың есіне салғым келді… қазақстандықтардың ішінде адами қасиеттерінен ауытқып, құндылықтарымыздан ажырап өсекке бейім, өзгелерді кінәлауға көбірек үйір болып баражатқан кейбір азаматтар, ел ертеңі жас буын өкілдеріне “өшпенділік” пен “өзімшілдік” ұғымын қалыптастыруға ықпал етіп әсер қалдырып жатқанына ел назарын аударғым келгені…
   Өйткені қазіргі қоғамда, сынап мінейтіндер, тек жалпыламай айта береді де білікті, білімді, кәсіби маман ретінде кінәсіздер мен кінәлілердің аражігін ажыратып нақты айтпайды. Содан болып, келеңсіздіктерді жасағандар немесе жасауға тікелей себепші болған жандар жауапкершілікке тартылмай қала береді.Қалталы, ақшалы жандар ақталып сүйеуі, жоқтар датталып кете береді де осы жағдайға халық наразылық тудырып ел тағдырларын өртке орап жібереді.
 Осындай күрделенген жайыттар  өмірдің өңделмейтін өзгерістері Жаңа Қазақстан және Әділетті Қазақстан, Адал-азамат деген ұғымдарды жаңа заманға сай қалыптастырды деуге болар..
  Мемлекет басшысы Үкімет пен бизнес-қоғамдастық бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін артық талаптарды анықтау үшін ауқымды жұмыс  жүргізгенін мәлімдеді. Президенттің айтуынша қоғамда 10 мыңнан астам заң нормасы жаңа реттеуші саясаттың негізгі талаптарына сай келмейтінін анықтапты. Және осындай заң нормаларының бәрінің күші жыл соңына дейін жойылады депті..
  Мінеки қалай десеңізде ескі жүйе естеліктері жаңа жүйенің есін жиып халықтың қажеттілігі қалпына келуіне қамқорлық, қолдау көрсететін көрегендік жолға түсіп келеді.
  Бірақ та батылдықпен барды бағалай айту бәрі бір, бір кем дүние болып босағадан төрге озып шыға алмауда…
   Айталық, кім болса да қазақ елінде өмір сүріп, нанын жеп, қазына байлығының игілігін көріп отырма, онда шаңырақты құрметтеп, мемлекет құрушы ұлт ұлылығына қызмет көрсетулері заңдылық. Кім болса да міндетті.
   Ұлы Абай айтқанындай: «Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын» деп ескерткен асыл сөз қасиетін қажетті жанға жеткізіп айтудан қашқақтайтын,
үлкенді сыйламайтын, кішіге ізет көрсетпейтін, мінген машинасы мен шеккен эл темекісін, дініміз бен ділімізден артық көретін пенделерге қолдау көрсетіп қолпаштайтын жандарды кімдер деп бағалап түсінуіміз керек?!
  Айтқысы келгендер өз-өзінен қорқып, ал атақ абыройын асқақ етіп шығарғысы келсе біреудің қолымен шоқ көсеуде ешкімнен кем қалып жатқан жандар да аз емес… Бұл дегеніңіз бүгінгі қазақ қоғамының ең басты кемшілігі  осындайлармен күрес жолын күрделендіріп ҮРЕЙ деген дертті сыналап кіргізуінде.
  Келер ұрпақтың алдында жүзім жарқын болсын деп, Құдайдан қорықпайтын жандар бүгінгі өзі өмір сүріп жатқан заманында, атын шығару үшін абыройынан айырылып жатқанын баса айта алатын асыл тұлғалалар қайда жүр екен  ағайын!!!