Ассамблея басқарушы ұйым емес.
Ассамблея басқарушы ұйым емес, атқарушы ұйым.
Елімізде тату-тәтті ынтымақ бірлікте өмір сүріп келе жатқан этнос өкілдері, мемлекет құрушы қазақ ұлтына құрмет көрсетіп сыйлайтыны, Ассамблеяның мемлекетіміздің іргесі берік болуына көрегендік көзқарас - тарын қосып жүргендері десек болар.
Біз де шетелде туып бөгде ел тілінде арнайы және жоғарғы оқу орындарында білім алып сол елдің мемлекеттік тілінде қызмет атқарып, мемлекет құрушы ұлт- тың болмысына аса құрметпен қарап заңына бағынып сонымен қатар ұлтымыздың салт дәстүр ғұрып ұлт ұлылық, құндылығын сақтай жүріп ана тілімізде емін еркін сөйлеп өскендіктен этнос өкілдерінің жан дүниесін етене жақын түсінеміз деуге болады..
«Адам берекеге әртүрлі ойлау арқылы келген кезде ғана қоғамда берекет орнайды»,-деген екен бір данагөй.
Міне қазақ қоғамына әрбір азамат өз деңгейінде бірлік, береке,ынтымақ, ырысымызды арттыру үшін қаракет жасаса түтініміз тік ұшып тірлігіміз алға басары сөзсіз. Өйткені ел ертеңіне қазақ ұлт өкілдерімен бірге шетелдерден не бір үрдіс жағдайда келген этнос өкілдері және отаным, атамекенім деп келген қандас бауырларымыз- дың өздері туып өскен елінен үйреніп келген мәдениет әдеп, тілдері арқылы бүгінге дейін сол елдермен күнделікті қарым қатынаста өркениет даму жол, нарықтық болмысын зерделеп еңбек етіп жүргендері септігін тигізері анық. Өйткені,ойды-ой жалғайтын заман талабы да осы!
Президент Қ.Тоқаев, жуырда өткен Ассамблеяның XXXII сессиясында сөйлеген сөзінде: -Біз Әділетті Қазақстанды құру - дың практикалық кезеңіне қадам бастық. Қоғамда жаңа идеялар, жаңа институттар, жаңа қоғамдық қатынастар белсенді қалыптасып келеді. Қоғам мен мемлекеттің бейне-сін өзгертетін нағыз реформа дегеніміз-осы;
-Біздің қоғам-ортақ идеялар мен құндылықтар біріктірген еркін әрі жауапкершілігі мол азаматтар- дың одағы. Бұл-жалпыұлттық бірегейлігіміздің тағы бір жар-қын көрінісі. Біз бәріміз-бір отбасымыз. Бұл-біздің шынайы болмысымыз;
-Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақ - тың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп.
Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекен, Отаны болып саналады. Бұл-табиғи үрдіс;
-Ассамблеяның басты міндет- терінің бірі-жұртты азаматтық бірегейлікті дамыту ісіне жұмыл- дыру. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы диалог орнату да өте маңызды;
-Қазір дүниежүзіндегі ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. Жаңа басымдықтар пайда болуда. Сырттан төнген сын-қатерлердің бетін қайтару аса өзекті мәселе- ге айналды. Бұл ретте этносая - сат байыппен жүргізілуі керек. Яғни татулық пен бірлік-табысты мемлекет болудың басты кепілі;- деді.
Мен, мемлекет басшысының сөзін не үшін қайталап жазып отырмын. Бізде не үшін халық ішінен көптеген азаматтар осы “Ассамблея” деген ұйымға қарсы пікір білдіріп жатады..
Ендеше саралап көрейік…
Қазақстанда тұратын этностар атынан ашылған қоғамдық ұйым, бірлестік, ЖШС- аз емес. Осы ұйым ұжымдардың кейбір басшылары өздері жаңа заман талаптарына бейімделмеген, Президентпен мемлекетіміздің, үкіметтің саясат бағдарламсын жеттік игермеген.Өзінің немесе өзі басқарып отырған ұйымның мүдде мақсатын жалпыламай Ассамблеяның жұмысы ретінде көрсеткісі келетіндігінен. Біреуі өзінің жеке бас мүдде атағына Ассамблеяның атын ұстанады..
Ассамблеяны басқарушы ұйым деп бағалап қазақ ұлт өкілдері соның ішінде Аналар, Ақсақал ардагерлер ұйымына тағысын тағы басқа да жағдаяттарға басшылық етумен өздерінің миссиясын көтеруді көздейтіні халыққа ұнамаса керек-ті. Керісінше Ассамблея мүшелері халық пен этностар арасында түсініспеушіліктен орын алып жататын жайыттарға алдымен барып береке бірліктің ұйытқы- сы болып көрегендік көрсете алмай үнсіз қала беретіні. Міне осындай келеңсіздіктер кейбір адамдардың қарсылығына тап болып Ассамблеяның абырой,
мүддесіне нұқсан келтіруде..
Ассамблея мүшелері, этностар атынан құрылған ұйымдар тек этнос өкілдерімен ғана жеке дара жұмыс жасап, іс шара өткізіп, мерекелерде тек этнос өкілдерін дәріптеп көрсетумен еш қандай жетістікке жетпейтін үрдісті мойындағаны абзал.. Керісінше қазақ қоғамына, Қазақ еліне деген шынайы сенім құрметтерін, береке бірлік ынтымақтастықтың ұйытқысы болып жүрген үрдіс үлестерін жан-жақты дәріптеп көрсете білгенде ғана халық пен елдің сенім-үмітін ақтайтын болады.
Атам қазақ: «Адамның ең биік жетістігі-адамдық борышты атқару» деп бекер айтпаса керек. Қазіргі қазақ қоғамына ең басты қағида болып тұрған да осы адамдық борышты әр адам мейілі қазақ бол, этнос бол, шетелден келген қандас ағайын бол бәрі бір адал ниет әдепті парасатты, мәдениеттілікпен атқару болып тұр.
Өйткені әлем елі өзгеріске еніп
ақпаратпен айшықталған идея ойлар оза шауып тұрған заман талабы қалт кеткен қателіктер мен келеңсіздіктерді кешірмесі анық!
Сол үшінде, облыстық Қоғамдың кеңес, Қоғамдық келісім КММ-сі атынан халық арасында, елді мекендерді аралап елжұртпен жүздесіп, жиындарға қатысқан кездесулерде мемлекет пен ел тәуелсіздігінің тұғыры берік болып халықтың сезім сенімділігі сана қолдаушысы болуы үшін ат салысатын боламыз!