ЖАРАТУШЫДАН ЖЕТКЕН ҚУАТ

ЖАРАТУШЫДАН ЖЕТКЕН ҚУАТ

   Бір апта бұрын аяқ астынан Шымкентке жол түсті. Алматы әуежайында әнші Нұрлан Өнербаевтың бауыры Бақтияр Өнербаев ұшырасып қалды. Бұрыннан танитын азамат. Алматы облысы Әкімінің  орынбасары, Текелі қаласының әкімі  сияқты абыройлы қызметтер атқарған. Қазір Шымкент қалалық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы екен. Сөз арасында әлеуметтік желіден көзім шалған «Бәйшешек» деген әсерлі кітап жазған Жәмиля Бақтиярқызының өзіңізге қатысы бар ма?» –деп деп сұрап қалдым.
   – Иә, әрине, ол менің қызым ғой!
   – Өмірлік тәжірибесі жоқ қаршадай қыздың мотивациялық кітап жазғаны қызық екен?!
   – Бұл  ауыр дертке ұшыраған қызымыздың он жасынан жиырма жасына дейін сол сырқатпен күресу, Жаратқанға деген сенім мен түптің түбінде айығып, жеңіске жету тарихы! Мемлекет басшысының өзі жоғары бағалап, құттықтау жіберді ғой!
   – Е-е, бәрекелді! Алланың бергеніне шүкіршілік! Онда шынымен бұл мотивациялық шығарма екен.
   – О, баста Жәмиля, менің алтын қызым,  кітап шығаруды мақсат етпеген. Адам ағзасындағы бүкіл бұлшық еттердің салдануына соқтыратын миастения деген өте сирек кездесетін  невралгиялық ауру  бар. Осындай дерт салдарынан тұра алмай, жүре алмай, сөйлей алмай қалған кезінде айналасындағылармен қағазға жазып сөйлесетін. Сөйтіп өзінше бір күнделік жазуды әдетке айналдырған. Онда үлкен сынақтан өткізген Жаратқан Иемізге, айналасында құрақтай ұшып қызмет еткен ата-анасы мен туыстарына, ақ халатты абзал жандарға Алғыс айтады. Туған күні қарсаңында жақындарына тосынсый жасағысы келіп естеліктері бойынша дайындаған осы қолжазбасын жіберіпті. Бұл бізге шынымен тосынсый болды!
–Бұл кітапты біз қайдан таба аламыз?
–Құдай қаласа, Шымкентке жеткен соң менің қызмет көлігімде болу керек, бірер данасын берейін.
  Шымкентке де жеттік. Айтқанындай Бақтияр қызының «Бәйшешек» кітабының қазақ және өзбек тілдеріндегі екі данасын ұстатты. Кітап  түпнұсқадан орыс және өзбек тілдеріне аударылыпты. Еш тапсырмасыз достардың көмегімен өз бетінше енді қырғыз, түрік, ағылшын, испан тілдеріне аударылып жатқанын айтты.  Алматыға қайтып оралған бойда көрейінші деп кітапты қолға алдым. Бірден үйіріп әкетті. Айналдырған үш-төрт сағатта қалай оқып бітіргенімді өзім де білмей қалдым.   
    «Бәйшешек» кітабы  Күрес, Сенім және  Жеңіс деген үш тараудан тұрады екен. 2010 жылдан бастап созылмалы дерттің күреске толы әр жылы қаршадай қыздың жадынан оқырманның жүрегіне құстай ұшып қонақтап жатады. «Өзіме белгісіз, қараңғы, жат әлемде ояндым. Сол әлемнің  кеңістігінде самғадым. Бойымды баураған әлсіздік, жанымды ашытқан дерт бір сәтте ғайып болды. Ол әлемде мені ешкім көрмейді, ал мен барлығын көрдім. Үзілген үміттердің, ізгі тілектердің, аңқау жүректердің арасында қалықтай ұштым. Ессіз жатқан адамдардың жүрек үнін тыңдадым. Ақ жүректер: «Өмір сүргім келеді» деп баяу болса да үзіліссіз соқты. Бұл жер жансақтау бөлімі еді» дейді өмір мен өлімнің арасында жатқан Жәмиля балапан. «Аяқ-қолым байлаулы, айналам жүрегімнің лүпілімен жарыса әндеткен аппараттарға толы, кеңірдегім қалың түтіктің аяусыз батуынан кеуіп кеткен». Көз алдыңа төсекке таңулы жанның ауыр халі елестейді. Одан әрі қарай иығындағы тамырға бұлшық еттер жұмысын реттейтін «калий» деген дәрумен құйылып тұрғанын,  ол дұрысында тамшылатып жіберілетін сұйықтық екенін, қазіргі жағдайда ол тамырларын ашытып, күйдіріп жатқанын сезеді. Ешнәрсе айтуға шамасы жоқ, өйткені аузында өкпені желдететін ИВЛ аппараты, қолын қимылдатуға дәрмен жоқ. Ал медбике болса тамырын күйдіріп жатқан системаны қаттырақ қосып, кетіп қалғаны ауру мен жалғыздықтың азабын күшейте түскен.
   Осындай жолдарды оқыған сайын оның шыдамдылығына қайран қаласың. Анасы жансақтау бөліміне кіріп, қал-жағдайын, тамақ ішкен-ішпегендігін  сұрағанда оның жауап беруге халі кем еді. «Мен сөйлей алмаймын, ойымды не жанарыммен, не қара қаламның ұшымен білдіремін. Қолымда кішкентай жасыл блокнот болатын, анама: «Жақсы, мам. Тамақ іштім. Сіздер қалайсыздар?» деп жаздым» дейді бұл сәт туралы автор. Ол аурудың жанына батқанын айтып анасына шағымданбайды. Анасының қасіретін тереңдеткісі келмейді. Ежелгі Рум философы Марк Аврелий: «Қиналу туралы: егер ол жан шыдатпас болса ажал оған нүктесін қояды, егер созылмалы нәрсе болса оған төзген жақсы» дейді ғой. Сол айтпақшы Жәмиля төзімділік пен сабырды өзіне серік етеді. Әдетте көптеген аурудың емі ішкі дүниесінің тазалығына тіреліп жатады. Аристотельдің: «Кедейліктен де, аурудан да, тіпті бұзылғандықтан өзгенің бәрінен де қорқудың қажеті жоқ, ол адамның өзінің жан дүниесіне тәуелді» дейтіні бекер емес екен.       
   Сондай  аурумен арпалысқан қиын екі жыл артта қалып,  Жәмиля-қыз тағдыры  мықты невропатолог Жусупова Алма Сейдуаливнаға тап болады. Әлемнің оншақты елдерінің мамандарымен барып немесе онлайн арқылы өткізілген консультациялардың ешқайсысы оң нәтиже бермеген. Сол белгісіз дертті Алма Сейдуалиевна  небары он минутта анықтап шықты. Иммунитеттің кері жұмыс жасауынан бұлшық еттерді салдандырып тастайтын, өте сирек кездесетін миастения деген диагноз қойылды. Дәрігердің бөлмесіндегі он минут Жәмиляның армандарына қанат байлады. Талмай күресудің қажеттігін сезінді.  Қиыншылықтардан мезі болған қызымыз сол жерде қанатты сөзге бергісіз  тіркес тауып «Ауруға еркелеуге болмайды» дейді. «Басқа түссе - баспақшыл» демекші, адам өмір үшін  қиындықтың бәріне көндігеді екен.  Дертпен жағаласқан қаршадай қыз: «Әкем тамырымды жазатын сұйық дәрі (мазь) алып келген екен. Оң қолымдағы қып-қызыл жараның үстіне жағып, сүрелерін оқып отыр. Анам шприцті ботқаға толтырып, мұрным арқылы асқазаныма дейін баратын жіңішке түтікті тауып, таңғы асымды берді. Тамақты өз тісіммен шайнап, өз күшіммен жұтпағаныма біраз күн болды» деп жазады. Сырқаттың қаншалықты ауыр, қаншалықты қиындық екендігін осы сөйлемдерден шошына сезінесің.
    Жәмиляның диагноз қойылғаннан кейінгі әр жылы аурухана мен үйдің, мектеп пен жансақтау бөлімінің арасында  дертпен жағаласып өтіп жатты. Сондай сәттердің бірінде медет сұрап «Аллаға хат» жазыпты. «Сол хатта Жаратушыма бар мұңымды шағып, соншалық қол жетпес көрінген армандарымды және өмірлік сценарийлерімді жазыппын. Қазір Аллаға шүкір, жиырма бір жастамын. Сенесіз бе, сол хатта жазылған әрбірсөз менің – бүгінім, барлық армандарым мақсатыма айналды» дейді Жәмиля  әрі таңданыспен, әрі қуанышпен.
   Біртіндеп өзі қалпына келер деп күткен ағзада оңды нәтижелер бола қоймаған соң ең соңғы мүмкіндік күрделі ота жасау болатын. Шет елде ота жасатудан бас тартады. Сондайда Кореядан мамандар шақырылып, отаны солар жасайтын болғаны үмітті сенімге айналдырады.  «Қандай сынақ болмасын, бірлесе күрескен оңай» бұл Жәмиляның тағы бір тұжырымының бірі.  «Төсекке таңылып жатсам да Елімнің игілігі үшін еңбек етуді армандаушы едім» дейді ол. «Не болса да бұл ауруды жеңемін де халқыма пайдам тиетін азамат боламын» дейді қайсар қыз. Қайталана беретін «криз» кезінде де әлгі мақсат қалың «тұманның» ішінен алып шығатын.
    Кореядан келген оташы дәрігер қасындағы үш серігімен бірге әуежайдан түскен бойда бірден ауруханаға келіп, баланың жағдайын байқап, отаны бүгіннен қалдырмай жасайтынын айтады. Бес сағатқа созылған операция отандық хирургтер мен дәрігерлер үшін «мастер-класқа» айналады. Үш күннен кейін кореялық дәрігерлер жансақтау бөліміне кіріп, жағдайына қанағаттанып,  Жәмиляға кішкентай сөмке сыйлайды. Сөйтіп бүкіл әлемде адамгершілік қасиеттер мен қарапайымдылықтың жоғары тұратындығын тағы бір рет дәлелдейді. Ауыр сынақтан өткен Жәмиля-қыз өмірдің мәні  сыйластық пен кір шалмаған пәк көңілде екенін жан-тәнімен ұғынады. Осыны оқушысына жеткізгісі келеді. Отаға алып кетерде: «Жаратқаным, мен осы палатаға аман-есен оралайыншы. Ата-анамның жанына келейінші. Өмір берші маған» деп тілеген тілегі қабыл болады. Сондықтан да ол «Алғашқы махаббатым да, сенім мен сезімге толы жаным да Аллаға арналады» деп шын пейілден ақтарылады. «Мен ауруымды қатты жақсы көре бастадым, себебі ол мені Аллаға жақындатты» дейді «Сенім» тарауында. Осындайда христиан уағызшысы Иоанн Златоустың: «Кімде кім дертіне төзіп оған алғыс жаудырса көрген азабының тәжіне ие болады» деген қанатты сөзіне таң қалмасқа лажың қалмасы анық.
    Аса ауыр сырқатпен он жыл бойы алыса жүріп, сондай қиын халіне қарамастан мектепті үздік бітіруі, өзінің қалаған журналистика факультетіне оқуға түсуі оқырманның Жәмиляға деген құрметін еселей түседі. «Сен енді толық жазылдың!» деген сөз қандай марапаттан да жоғары еді. «Осы сөзді естіген түні көз іле алмай, таң атқанша сәждеден бас көтермей, дұғада отырғанымды ата-анам білмеді» деуінде айыптау емес, Жаратқан иесіне, ата-анасына, туыстарына деген шексіз алғыс жатыр еді.  Әсіресе, «Маған нәсіп болған өмірдегі ең үлкен бақ –әке махаббаты» деуінде қаншама тәрбие жатыр. Кітаптың соңғы жағында бүкіл әлемге деген асыл сезімдерден өрбіген өлеңдерінен жас жүректің лүпілі айқын сезіледі.
Қорыта айтқанда жиырма бір жастағы қыздың бұл тырнақалды шығармасы қиындыққа ұшыраған адамдарды күресуге үйретеді.  Жаратқан Иесіне бас ие отырып, жеңісті жақындатуға болатынына сендіреді. Кітаптың мотивациялық құндылығы да тап міне, осында!
                                                                           

ЕСТЬ СИЛА ОТ ТВОРЦА
   

Неделю назад он ездил в Шымкент пешком. В аэропорту Алматы застрелили брата певца Нурлана Онербаева Бактияра Онербаева. Гражданин, которого я знал давно. Заместитель акима Алматинской области, аким города Текели совершил почетные службы. Сейчас он начальник городского управления труда и социальной защиты населения Шымкента. Имеет ли к вам отношение Джамиля Бактияровна, написавшая впечатляющую книгу "Байшешек", привлекшую внимание соцсети? "поэтому я ее и спросил.
    - Да, конечно, она моя дочь!
    - Интересно, что старушка без жизненного опыта написала мотивационную книгу?!
    - Это история нашей дочери, которая перенесла тяжелую травму от десяти до двадцати лет, с верой в Бога и в конечном итоге исцелялась и победила! Сам Глава государства оценил и поздравил!
    - Молодец, молодец! Благодарны за то, что дал нам Бог! Это действительно мотивационная статья прямо здесь.
    - Эх, вначале Джамиля, моя золотая девочка, книгу издавать не собиралась. Существует очень редкое нейронное заболевание, называемое миастения, которое поражает функцию всей мышцы в организме человека. Когда из-за такой болезни не мог стоять, ходить и говорить, писал на бумаге и разговаривал с окружающими. Таким образом, он вошел в привычку вести дневник. Слава Господу, который прошел там великое испытание, родителям и родственникам, которые служили с блестящими красками, и бедным душам в белых халатах. В преддверии дня рождения он захотел сделать сюрприз для родных и прислал этот почерк, подготовленный в его памяти. Это был настоящий сюрприз для нас!
    - Где можно найти эту книгу?
    - Даст Бог, после приезда в Шымкент, мне нужно быть в служебной машине, дам несколько экземпляров.
    Приехали в Шымкент. Как он сказал, сохранил два экземпляра книги дочки Бактияр "Байшек" на казахском и узбекском языках. Книга первоначально была переведена на русский и узбекский языки. С помощью друзей без всяких заданий рассказал, что сейчас его переводят на кыргызский, турецкий, английский и испанский. Взял книгу посмотреть, когда вернулся в Алматы. Мгновенно заставил меня оторваться. Я не знал как дочитать за три-четыре часа.
    Книга "Байшешек" состоит из трех глав, Борьба, Вера и Победа. Каждый год, начиная с 2010 года, память о старой девочке, борещей с хронической болезнью, летит как птица в сердце читателя. «Я проснулся в неизвестном, темном, странном для себя мире. Улетай в этом пространстве мира. Слабость, поразившая мой рост, боль, от которой болела душа, была чудом на мгновение. В этом мире меня никто не видит, а я видел всё. Я летел среди разбитых надежд, добрых пожеланий и тоскущих сердец. Я слушал сердцебиение людей, которые были сумасшедшими. Белые сердца: «Хочу жить» бьют медленно, но без перерыва. Это место было отделением реанимации", - говорит цыпочка Джамиля, которая находится между жизнью и смертью. "Мои ноги связаны, полны машин, которые поют вокруг меня, мчатся в ритм сердца, и я сох от беспощадного заката толстой трубы. "Глаза представляют болезненное состояние души, когда ложишься спать. Далее чувствуется, что вена в плече наполнена витамином "калий", который регулирует работу мышц, который на самом деле является жидкостью, которая капает правильно, в данном случае открывается и сжигает вены. Сказать нечего, потому что во рту есть аппарат ИВЛ, который проветривает легкие, руки не пошевелить. И если медсестра была медсестрой, она присоединилась к системе, которая сильнее жгла вены и ушла, она усиливала боль болезни и одиночества.
    Чем больше читаешь о таких путях, тем больше удивляешься его терпению. Когда ее мать пошла в реанимацию и спросила, хорошо ли она, ела или нет, она не смогла ответить. "Я не могу говорить, я выражаю свои мысли ни душой, ни кончиком черного пера." У меня в руке был маленький зеленый блокнот и я сказал маме: «Все хорошо, мам. Только что перекусил. Как вы все этого хотите? "Я написал это", - говорит автор об этом моменте. Маме она не жалуется, что больна. Не хочет усугублять материнское горе. Философ Древнего Рума Марк Аврелий говорил: «О страданиях: если душа не будет терпеливой, смерть положит ей конец, а если что-то хроническое, лучше терпеть». "Кстати, Джамиля делает терпимость и терпение своим партнером. Обычно лекарство от многих болезней заключается в чистоте внутреннего мира. Аристотель сказал: «Не нужно бояться бедности, болезней или даже разрушений, ибо это зависит от его собственной души. "
    Два непростых года за такой болезнью Джамиля-девочке столкнется с сильным невропатологом Юсуповой Алмой Сейдуаловной. Ни одна из консультаций, проведенных онлайн или посещенных специалистами из десятков стран мира, не дала положительного результата. Альма Сейдуальевна всего за десять минут выявила неизвестную проблему. Только что диагностировали миастению, очень редкую миастению, которая вызывает мышечные судороги из-за иммунной функции. Десять минут в кабинете врача дадут крылья мечтам Джамили. Почувствовал необходимость бороться сильнее. Наша дочь, которая сыта трудностями, нашла там бекрылую запись и сказала: «Не предавайся болезни. "Говорят: "Если это окажется принтером", человек сталкивается со всеми трудностями на всю жизнь. Старушка, которая боролась с бедой: «Мой отец принес мне жидкое лекарство (масло), чтобы записать мои вены. Он сжигает красную рану на моей правой руке и читает стихи. Мама наполнила шприц в бутылку и нашла тонкую трубку, которая лезет в нос к желудку и подает завтрак. Пишет, что давно я жую еду собственными зубами и глотаю своими силами. Вы будете шокированы этими предложениями о том, насколько тяжелый и сложный скейт.
    Каждый год с тех пор, как Джамиля поставили диагноз, идет борьба между больницами и домом, школами и отделениями реанимации. В один из таких моментов написал «письмо Аллаху» с просьбой о помощи. "В том письме я записал свою печаль к Творцу, свои мечты и жизненные сценарии, которые казались такими недосягамыми. Аллох рахмат, мне уже двадцать один годик. Верите ли вы, что каждое слово, написанное в этой букве, мое - сегодня все мои мечты стали моей целью? " говорит Джамиля с изумлением и радостью.
    Когда организм, ожидавший выздоровления, не давал положительных результатов, последней инстанции стала крупная операция. Отказывается делать операцию за рубежом. Таким образом, будут приглашены специалисты из Кореи и операция будет выполнена ими. «Неважно, какой тест, вместе бороться легко» — одно из понятий Джамили. "Даже если бы я был в постели, я бы мечтал работать на благо своей страны", - сказал он. "Что бы ни случилось, я преодолею эту болезнь и стану гражданином пользы своему народу", - говорит смелая девушка. Даже во время повторяющегося «кризиса» целью было выбраться из толстого «тумана».
    Корейский хирург, прибывший в больницу сразу после выхода из аэропорта с тремя своими спутниками, увидел состояние ребенка и сказал, что сегодня он сделает операцию, не выходя из больницы. Пятичасовая операция должна стать «мастер-классом» для отечественных хирургов и врачей. Спустя три дня корейские врачи поступили в реанимацию, довольные состоянием, подарили Джамиле маленькую сумку. Тем самым еще раз доказывает, что человечность и простота преобладает во всем мире. Джамиля, которая прошла жесткие испытания, понимает, что смысл жизни в чистом сердце, которое не грязно. Хотелось бы передать это его ученику. Когда его отвезли на операцию: «Боже, дай мне вернуться в эту палату целости и сохранности. Позвольте мне прийти к родителям. Подари мне жизнь" будет принят. Вот почему оправдывается искренне: «Моя первая любовь и моя душа, полная доверия и любви, посвящается Аллаху. """Я стал сильно любить свою боль, потому что она приблизила меня к Аллаху", - говорится в главе ""Вера""." Неудивительно, что христианский проповедник Иоанн Златоус сказал: «Кто терпит страдание и благодарит Его, получит венец страданий. "
    После десяти лет упорного труда ее выпуск и поступление на желаемый факультет журналистики удвоеют уважение читателей к Джамиле. "Теперь вы полностью исцелены! "слово было выше любой награды. Это не было обвинением, что «Когда я услышал это слово, мои родители не знали, что я ночью не могу открыть глаза, и утром не поднимал голову, и молился до утра», это была бесконечная благодарность Творцу, родителям, и родственники. Особенно много воспитания в поговорке "Самый большой сад в жизни, который мне дан - это любовь отца". В конце книги ясно ощущается юное сердце пульсирует по его стихам, вдохновлённым благородными чувствами всего мира.
    Короче говоря, этот рисунок ногтей 21-летней девочки учит борющихся людей справляться. Поклоняясь Господу, победа возможна. Мотивационная ценность книги здесь!