Жақсы әулиеттің жақсы ұрпағы: Еркін Нурғабылұлының 60-жас мерейтойы құтты болсын!
Мұғалімдік – мамандық, ұстаздық – қасиет.
Иә, ұстаздық ету адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Ендеше осынау асқаралы ұғымдағы ұстаздық қасиетіне мейлінше адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы жолға арнаған ұстаздарға қандай мадақ айтсақ та жарасып тұрады емес пе!
Бүгінгі әңгімеміздің арқауы – Жетісу облысы, Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдык округінің Бозтоған ауылындағы Күреңов әулиеті. Ауызбірлік пен сыйластықты ту еткен әулет бүгінде өнегелі өмір құндылықтарын көпшілікке үлгі етіп келеді. «Отан – отбасынан басталады» деген ұлағатты сөзді берік ұстанған әулетте ұлттық салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Осындай ізгілікті тәрбие арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке, отбасы алдындағы жауапкершілікке, рухани байлыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулуды әулет әрдайым бірінші кезекке қояды.
Күреңовтар отбасы Жетісу өңіріне өнегелі істерімен жақсы танымал. Оларды мұндағы жұртшылық «ұстаздар әулеті» деп біледі. Өйткені әулет мүшелерінің басым бөлігі шәкірт оқыту саласында тұрақты еңбек етіп келеді. Бүгінде осы әулеттің қара шаңырағының түтінін түтетіп отырған Еркін Нұрғабылұлы – қатардағы мұғалімдіктен мектеп директорлығына дейін көтерілген, бар саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған жан.
-«Маған кезінде әкімшілік, ұйымдастырушылық жұмыстарға байланысты көп ұсыныстар түсетін. Бірақ мен ұстаздық мамандықты жан-тәніммен қаладым. Тіпті мектеп директоры қызметінде жүргеннің өзінде, класстарға кіріп, оқушылармен сабақ өткізгенде жүрегім тынышталып, бір рақат күй кешетінмін. Бәлкім, сондықтан болар, болашақта балаларымның да ұстаз болғанын қалаған едім», – деп айтқан Еркін Нұрғабылұлы осыдан бірнеше жыл бұрын.
Міне, сол Еркін Күреңов, менің сыныптасым, досым, бүгінде 60-жасқа толып отыр. Және ең бастысы, ол өткен күндерін есіне алғанда, әке жолын жалғастырғанына өте риза.
Иә, Еркін досымыздың әкесі Нұрғабыл Күреңов та бар санаМұғалімдік – мамандық, ұстаздық – қасиет.
Иә, ұстаздық ету адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Ендеше осынау асқаралы ұғымдағы ұстаздық қасиетіне мейлінше адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы жолға арнаған ұстаздарға қандай мадақ айтсақ та жарасып тұрады емес пе!
Бүгінгі әңгімеміздің арқауы – Жетісу облысы, Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдык округінің Бозтоған ауылындағы Күреңов әулиеті. Ауызбірлік пен сыйластықты ту еткен әулет бүгінде өнегелі өмір құндылықтарын көпшілікке үлгі етіп келеді. «Отан – отбасынан басталады» деген ұлағатты сөзді берік ұстанған әулетте ұлттық салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Осындай ізгілікті тәрбие арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке, отбасы алдындағы жауапкершілікке, рухани байлыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулуды әулет әрдайым бірінші кезекке қояды.
Күреңовтар отбасы Жетісу өңіріне өнегелі істерімен жақсы танымал. Оларды мұндағы жұртшылық «ұстаздар әулеті» деп біледі. Өйткені әулет мүшелерінің басым бөлігі шәкірт оқыту саласында тұрақты еңбек етіп келеді. Бүгінде осы әулеттің қара шаңырағының түтінін түтетіп отырған Еркін Нұрғабылұлы – қатардағы мұғалімдіктен мектеп директорлығына дейін көтерілген, бар саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған жан.
-«Маған кезінде әкімшілік, ұйымдастырушылық жұмыстарға байланысты көп ұсыныстар түсетін. Бірақ мен ұстаздық мамандықлы ғұмырын ұстаздық жолына арнаған жан. Ол осы әулеттегі ең бірінші ұстаз. Нұрекең 1914 жылы Талдықорған облысы, Көксу ауданы Өндіріс колхозында дүниеге келген. Оның әкесі Күрең бағбан һәм етікші болған көрінеді. Баласының болашағын тереңнен ойлаған ол, Нұрғабылды алғашында ауылдың молдасына ескіше сауат ашуға беріп, кейін мұғалімдер дайындайтын курсқа жібереді.
Оқуын үздік бітірген Нұрғабыл Күреңұлы 1935–1939 жылдар аралығында Қаратал аудандық қаржы бөлімінде инспектор, аудандық комсомол комитетінде насихатшы болып қызмет атқарады. Ал 1939 жылдан 1942 жылдың мамыр айына дейін Қызылбұлақ бастауыш мектебінде меңгеруші һәм мұғалім болып жұмыс істейді.
Ұлы отан соғыс кезінде Нұрғабыл аға әскер қатарына шақырылады. Соғыста жүргенде қатты жарақаттанып, жаудың қолына тұтқынға түседі. Бір тәуір жері, аяғынан жараланып, немістердің лагерінде жұмысқа жарамай жатқан Нұрғабылды жерлесі Қожабеков Шәкір өлім жазасынан құтқарып қалады. Негізінен жұмысқа жарамайтын тұтқындарды немістер бірден атып тастайды екен. Осыны жақсы білген Шәкір аға Нұрғабылды бірінші күннен бастап-ақ жан-жақты емдеуге кіріседі. Тұтқында жатқан дәрігерлерді көмекке шақырып, далада жұмыста жүргенде емдік шөптерді теріп әкеліп, ем-шара жасауға пайдаланады. Ақыры Нұрғабылды аяғына тұрғызып, қатарға қосады. Сөйтіп, ол көп кешікпей жұмысқа шығады.
Тұтқында жүргенде Шәкір бір күні тәңертең ерте тұрып, Нұрғабылға: «Білесің бе, мен бүгін түнімен бауырсақ пен етке тойып шықтым!» – депті. Сөйтсе, оның мәнісі былай екен: Шәкірді қайтыс болды деп «қара қағаз» алған елдегі ағайын-туыстары, оған арнап құран оқытып, ас берген көрінеді...
Тұтқынға алынған кеңестік әскерлер үшін жау қолында болу, тән азабымен қатар, жан азабына да түсіретін. Өйткені олар тұтқында фашистік жендеттердің ұрып-соғу, жәбірлеу сияқты небір адам төзгісіз тән азабын шексе, кейін бостандыққа шыққан соң, өз елінде шала-пұла тергеуден өткізіліп, қатаң жазаға тартылатын. Мұндай «соттаудан» тек бірлі-жарым адамдар ғана ақталып, еркіндікке жіберіліп жататын. Міне, осындай ақталып шыққандардың бірі Нұрғабыл аға болатын.
Осы жерде бізді ойландыратын бір жайт, кешегі алапат соғыстан аман қалғанымен, соғыстан кейінгі бейбіт заманда жау тұтқынында болғаны үшін жан азабына түскен әскерилердің шырғалаң тағдырна кім кінәлі? Осының барлығы сол тұста көзсіз әділетсіздікке бой алдырған зорлық-зомбылықтың салдары емес пе екен? Иә, ішкі жан дүниеміз осының бәрін қапысыз сезгенімен, өкінішке қарай, бұрмаланған өктемдікті ашып айтуға батылдық таныта алмай келеміз-ау...
Ендеше «ештен кеш жақсы» демекші, жоғарыда айтылған мәселенің ақ-қарасын ажыратып, кезінде орын алған бұрмалаушылықтардың бетін ашуды құқықтық зерттеушілердің еншісіне қалдырсақ дейміз. Сондай-ақ ауыл мектептері өздеріндегі үйірмелер арқылы жергілікті соғыс ардагерлерінің өмір-тарихтарына толыққанды жан-жақты зерттеулер жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді-ау... Сонда ешкім де, ешқашан ұмытылмай, шынайы шындық мәңгіге салтанат құрар еді ғой.
Соғыстан кейін Нұрғабыл Күреңұлы өзінің бұрынғы мұғалімдік жұмысын жалғастырып, 1946 жылы Киров ауданы «Үшінші бесжылдық» бастауыш мектебінде ұстаздық қызметіне кірісіп кетеді. 1949 жылдары Алматыдағы мемлекеттік мұғалімдер институтында оқып, физика- математика және тарих факультетінде жоғары білім алады. Сөйтіп, 1946–1985 жылдар аралығында Ақтекше, Алғабас, Үшінші бесжылдық, Аманкелді, Жетіжал, Ленин, Бозтоған ауылдарында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге бар күш-жігерін жұмсайды.
Кезінде Бозтоған ауылында ауыл тұрғындары мен ұстаздар бірлесіп, топырақтан кірпіш құйып, мектеп тұрғызған болатын. Сол білім ошағы 1959 жылы «Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» деп аталып, алғаш рет оқушыларды қабылдаған-ды. Біз оқып жүргенде, осы мектепте 22 Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұстаздық ететін. Ашаршылықтың, соғыстың небір нәубетін басынан өткерген осы кісілер өмірде кездесіп жататын қайсыбір ауыртпалықтарға үнемі төзімділік танытып, төңірегіндегілерді ұдайы сабырлыққа шақырып отыратын. Олар мектептегі оқушыларды, жас мұғалімдерді, ауылдың жастарын өздерінің жүріс-тұрыстарымен, ақыл-парасаттылығымен «үнсіз» тәрбиелейтін.
Нұрғабыл ағай жан-жақты болатын, ол – саясаткер, тарихшы, математик һәм шахматшы еді. Оның сабақ беру тәсілі де өзгеше-тін. Ол ауызша есептеуге, логикалық есептер шығаруға ерекше көңіл бөлетін. Бір ғажабы, оның сол кездегі шәкірттері күні бүгінге дейін ағайларының үйреткен ережелерін, есептерін әлі күнге дейін естеріне алып отырады. Солардың бірі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы (1935–2014) болатын. Ол дифференциалдық теңдеулер саласында арнайы математикалық мектеп құрып, математиктердің үлкен ұжымының ғылыми жұмысына басшылық жасаған. Оны сингулярлы ауытқыған теңдеулердің, асимптотикалық теорияның әйгілі маманы ретінде әлем ғалымдары мойындаған.
Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектепте Нұрғабыл Күреңұлы ұзақ жылдар ұстаздық етіп зейнеткерлікке шықты. Еліне ерен еңбегі сіңген, ұстаздық жолында адалдық пен білім парасаттылығын биік ұстаған Нұрекең сан түрлі марапаттарға ие болды. Осы мектепте бүгінгі күнге дейін абыз ұстазымыздың ұлы Еркін және келіні Алма мұғалім болып жұмыс жасайды.
Нұрғабыл ағамыздың жары Әдетбекова Күлсағат 1926 жылы Ерікті ауылында дүниеге келген. Жетіжылдық Қызылтоған мектебін үздік бітірген. Соғыс кезінде еңбек майданында аянбай тер төгіп, сол қайсарлығы үшін Сталиннің «За доблестный труд в тылу» медалімен марапатталған. 1946 жылы жүрек қалауымен Нұрғабылға тұрмысқа шығып, бала тәрбиесімен, үй шаруашылығымен айналысты. Күлсағат апай өте сауатты, зерек еді. Біз 75 жастан асқан қарияның өз немерелеріне геометрия, алгебра пәндері бойынша түрлі-түрлі сұрақтар қойып, олардың білмеген тұстарын өзі түсіндіріп, үйретіп отырғанын көргенде қайран қалатынбыз. Әзіз әже 91 жасқа келгенде дүниеден өтті.
Күреңов Нұрғабыл ағамыз бен зайыбы Әдетбекова Күлсағат апай екеуі үш қыз, бес ұл тәрбиелеп, ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып, солардан алтын асықтай сүп-сүйкімді немерелер сүйген үлгілі отбасылардың бірі. Алла Тағаланың қалауымен құрылған шаңырақтың негізі – ерлі-зайыпты екі жас, болашақ ата-аналар. Ертеңгі күні сол шаңырақта дүниеге келетін балалардың бойындағы жақсы да жаман қасиеттердің бəрі сол ата-анадан. Осындай жауапкершілікті терең түсінген жас жұбайлар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Әсіресе Күлсағат апай отбасында балаларының біліміне, тәрбиесіне айрықша көніл бөліп отырған. Әрбір сөздерін мақалдап айтып, қазақтың салт-дәстүрін бойларына сіңіре білген.
Осындай өнегелі отбасында тәрбиеленген балалардың алтауы: үш ұл, үш қыз әке жолын қуып, білікті ұстаз атанды.
Қызы – Нұрғабылова Жұмагүл Алматы облысы, Көксу ауданының Мәмбет ауылында Ж. Егінбаев атындағы орта мектепте орыс тілі пәнінен сабақ беріп, осында құрметті зейнетке шықты;
ұлы – Нұрғабыл Дүйсебек осы өңірдегі Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
қызы – Нұрғабылова Райгүл Мұсабек атындағы орта мектепте ұзақ жылдар математика пәнінен сабақ беріп, осында зейнеткерлікке шықты;
ұлы – Күреңов Бейбіт Жетісу облысы, Көксу ауданының Жетіжал орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі;
қызы – Қалиева Рәш Алматы қаласындағы Лев Толстой атындағы орта мектепте химия-биология пәнінің мұғалімі;
ұлы – Күреңов Еркін Жетісу облысы, Көксу ауданындағы Мұсабек атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі.
Бір ғажабы, осы әулеттің келіндері де ұстаздар. Отбасының инабатты келіні – Бақтыбаева Айгүл математика пәнінін мұғалімі. Алғашқы еңбек жолын 1973 жылы Жетісу облысы, Көксу ауданының Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектепте математика пәнінен дәріс берумен бастаған. 2017 жылдан Талдықорған қаласындағы №20 Дарынды балаларға арналған лицейде математика пәнінен сабақ берген. Кейін осы білім ордасында зейнеткерлікке шықты.
Әулеттің тағы бір келіні – Әбдінұрова Гүлжәмила Алматы облысы, Көксу ауданындағы Жетіжал орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі. Ал кіші келін – Әлімова Алма Жетісу облысы, Көксу ауданындағы Мұсабек атындағы орта мектепте география пәнінің мұғалімі.
Күреңов әулеті бағалай білген жанға ардақты да қасиетті саналатын ұстаздық мамандығын келер буынға да аманат еткендей. Алдыңғы буынның жақсы тәлім-тәрбиесін көріп өскен немерелер шетінен оқу озаты, мектепте қатарларының алды. Олардың бірқатары қазірдің өзінде оқу орындарында мұғалім болып, үздік жетістіктерге қол жеткізуде. Мәселенки, немерелердің бірі – Нұрғабылов Ерқуат Дүйсебекұлы Талдықорған қаласындағы Математикалық орталықта сабақ береді. Ал Нұрғабылова Гүлшат Дүйсебекқызы ағылшын тілінің мұғалімі (Алматы қаласында). Күреңова Гүлжан Бейбітқызы ақпараттандыру пәнінің мұғалімі (Алматы қаласындағы Политехникалық колледжде).
Біз осы жерде жоғарыда тілге тиек еткен әңгімемізді мынадай бір ойтүйінмен қорытсақ деп едік: дәл қазіргі таңда Күреңов әулиетінің жалпы педагогикалық өтілі (стажы) 430 жыл екен! Сөз жоқ, бұл өзгелер үшін керемет үлгі! Міне, осындайда қазақ халқының мақтанышы, Ұлы ақынымыз, кемеңгер Абайдың: «Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті» деген сөздері еріксіз есіңе түседі екен. Шіркін-ай, осынау ойшыл да көреген тұлға қалай дәл айтқан десеңізші!
Енді әңгімеміздің екінші бөлігіне өтейік. Біз Еркін Нұрғабылұлы екеуміз «нөлінші» сыныптан бастап, орта мектепті бітіргенге дейін бір класста оқыдық. Мектепті бітірген соң, бір сыныптағы 25 бала жан-жаққа бытырай ұштық. Әрқайсымыз өмірден өз орнымызды іздеп, жоғары білім алдық, отбасын құрдық, балалы-шағалы болдық.
Біздің «тұлғасын арманымызға ұқсататын, үлгісін көңілімізге қыстататын» ең алғашқы ұстазымыз – Кондратенко Зоя Ильинична болатын. «Қалдырған ізің мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып» деп, өлең жолдарында айтылғандай, Зоя Ильиничнаның бейнесі тек біздің ғана емес, біздің ауылда алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған талай-талай балдырғандардың көз алдарында алғашқы ұстазы ретінде мәңгіге сақталып қалды.
«Батыр да, ақын да ұстаздан үлгі алған» демекші, шәкірттеріне алты жыл бойы тәрбие беріп, олардың тұлға ретінде қалыптасуына зор үлесін қосқан біздің сынып жетекшіміз Маматаев Тұрсын Әбілұлы болатын. Тұрсын ағайымыз бізге тыным бермейтін: неше түрлі ойын-сауықтар ұйымдастыратын, балық аулаға алып шығатын, тауға серуендеуге ертіп апаратын, ұшаққа отырғызатын, Қапшағай мен Балхашқа қыдыртатын. Жоғары сыныптарда оқып жүргенде, вальс билеуді, галстук байлауды үйретті. Сыныпта туған күндеріміз аталып өтілетін. Әлі есімде, тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде аулымыздың табиғат аясына барып қонғанбыз. Қазір ойлап қарасам, жұрттың баласына бас-көз болу, әрине, үлкен жауапкершілікті талап етеді ғой. Егер осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Тұрсын ағайымыз кезінде осынау жауапкершілікті қалай жүрексінбей мойнына алған десеңізші...
Біз мектеп табалдырығын аттаған кезде мектеп директоры Рыспаев Ойрат деген кісі болатын. Ал оның ағасы Қайыржан ауылда агроном еді. Біздің әкемізбен жақсы араласатын.
1971 жылдан біз мектеп бітіргенге дейін Әбдірахманова Майра Әбдірасылқызы деген апайымыз басшылықта болды. Ол кісі 23 жасында директордың орынтағына отырды. Парасат-пайымы терең, мінезге бай, ойласа – ойдың төрінен, сөйлесе – сөздің өрінен көрінетін Майра апай ерен іскерлігімен, зор ұйымдастырушылық қабілетімен танылды. Жанашырлығымен, қарапайымдылығымен, бізге туған анамыздай ақылшымыз, қамқоршымыз бола білді.
Иә, қазір мектеп қабырғасында жүрген сол бір жылдар тым-тым алыста қалды... Алайда сондағы бал-шырын естеліктер ешқашан ұмытылмайды екен. Тіпті ең алғаш әрбір әріпті, әрбір санды қалай жазып үйренгеніміз, оларды бірден жазып кете алмай әбден қиналғанымыз... бәрі-бәрі есімде қалып қойыпты...
Бір жолы сабақ үстінде «к» әріпін жазуға тапсырма берілген еді. Содан әлгі әріпті жазайын десем, жаза алмаймын. Парталас көршімнен көшіре қояйын десем, ол дәптерін көлегейлеп, көрсетпейді. Енді не істемекпін? Қара терге түсіп, әбден қиналдым...
Ақыры сабақтан шыққан соң, көршіме күш көрсетіп, әлгінде кеткен «ақымды» қайтардым... Есесіне, ол маған жолдың шетіндегі топыраққа «к» әрпін қайта-қайта жазып, ерінбей-жалықпай үйретіп шықты...
Мектеп қабырғасында жүргенде, сыныптың бұрышында тұрып көрмеген ер бала мүлдем жоқ шығар-ау... Мен де талай рет бұрышта тұрғанмын... Бірақ Күреңов Еркін сынып бұрышында ешқашан тұрмаған оқушы. Өйткені ол біз сияқты тентектік жасамайтын. Сыныптағы балалар оны «математик» деп атайтын. Расында, ол математиканы өте жақсы көретін. Сыныптағы озат оқушылар Гавлик Эльвира мен Марина Березовскаялармен жарысып есеп шығаратын. Әрі көбіне Еркін оларды жеңіп кететін. Логикалық ойлау қабілеті жақсы жетілген бозбаланың ыңғайы нақты ғылымдар еді. Еркін өзінің осы бір ерекше қабілетін есейгенде де сақтап қалды.
Еркіннің және бір ерекше қасиеті, әлсіздерді үнемі қорғаштап жүретін. Бастауыш сыныпта бізбен бірге оқитын Жүсіпов Алмас деген бір бала, күн сайын сабақ біте сала далаға атып шығып: "Аркашка бандит!" – деп үйіне қарай қаша жөнелетін. Ертеңіне Алмасты ұстап алып, жазасын берейін десем, Еркін аяқастынан оны қорғаштай жөнеледі. Сосын амал жоқ, ашуымды басуға тура келеді.
Негізінен мектепте жүргенде оқушылардың бір-бірімен ерегесіп, төбелесіп қалуы немесе бұзықтық жасауы жиі болып тұратын құбылыс қой. Алайда біздің Еркіннің мұндай қылықтарын еш көрмеппін. Тіпті біреумен жанжалдасып қалыпты, төбелесіпті немесе бұзықтық жасапты дегенді де естімеппін.
Еркін біз сияқты сабақтан да қашпайтын. Ал біз ше, біз болсақ, үйде ересектерден ешкім жоқ еді, сосын қойдың кезегіне шықтым немесе ауырып қалдым, шешем жібермей қойды дегенді сылтау етіп, мектепке бармай-ақ қоя салатынбыз. Сондағы бар тындыратын шаруамыз, ауылдын сыртына шығып алып, асыр салып ойнаймыз, яки ауданның орталығына барып чебурек жеп қайтамыз.
Жалпы, түйіндеп айтқанда, арамызда оқуда озат, спортқа бейім, тәртібі үлгілі оқушы – осы Еркін Күреңов болатын. Ол мейірімділігімен де, сабыр-парасаттылығымен де ерекшеленетін. Сондықтан болса керек, сабақ беретін мұғалімдеріміз түгілі, сыныптағы ұл-қыздардың барлығы оған құрметпен қарайтын.
Жоғары сыныптарға жеткенде көбімізге ес кіріп, болашақты ойлай бастадық. Бәлкім, соның әсері болар, келе-келе сабақтарымызды қалай жақсы оқып кеткенімізді өзіміз де байқамай қалдық. Ұзамай мектепті бітірдік. Мектеп бітіргенімізді Еркіннің үйінде тойлап, Нұрғабыл ағайымыздың батасын алдық.
Сөйтіп, арман қуған жастар жан-жаққа ұшып кете барды. Алайда Еркін мектепті үздік бітіргенімен, отбасы жағдайына байланысты, жоғары оқу орындарына бара алмады. Өйткені үйінде ағасы мен әпкесі әлі студент еді. Оның үстіне бұл кезде әке-шешесі едәуір қартайып та қалған болатын.
Осылардың бәрін саралай-салмақтай келіп, Еркін қарт ата-анасына сүйеу болу үшін, Талдықорған қаласындағы бір құрылыс мекемесіне жұмысқа тұрады. Кейін әскери борышын орындап қайтқан соң, жұмыста жүргенде екі машинаның ортасында қысылып қалып, қатты жарақат алады. Содан он бір ай тапжылмай ауруханада жатады... Міне, тап осы жерде ол өзінің орасан зор ерік-жігерін танытып, аурухана төсегінде жатып, жоғары оқу орнына түсу үшін, емтиханға дайындалады. Бұған өз басым куә, оның қал-жағдайын білуге қашан келсем де, төсекте жатып, математика пәнінің неше түрлі кітаптарын жайып тастап, үнемі есеп шығарып отыратын.
Тура сол жылы Еркін Жезказған педогогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түседі. Оқып жүріп, педагогикалық практика кезінде болашақ зайыбы Әлімова Алма Сәбенқызымен танысып, кейін екеуі үйленеді. Жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алған соң, жас отбасы қара шаңыраққа, әке-шешесінің қасына оралады.
Бүгінде Еркін Нұрғабылұлы өсіп-өнген, немере сүйген, қадірменді ата. «Асыл адам – айнымас» дегендей, бала кезден математиканы ерекше жақсы көрген ол, енді міне, немерелерін математикаға баулып жүр.
Еркінді көрсек, Нұрғабыл Күреңұлын көргендей боламыз. Түр-келбеті де, жүріс-тұрысы да тура көшіріп алғандай. Нұрекеңнің көзін көрген біз Еркінге қарап, бүкіл Күреңов әулиетіне басымызды иеміз, құрметтейміз!
Иә, осынау шынайы құрметіміз жыл өткен сайын еселеп арта бермек! Егер ағымыздан жарылып ашығын айтар болсақ, біздің кейіпкеріміз Еркін Нұрғабылұлы жұртқа ақыл айтып, жөн сілтеп отыратын көсем де, шаршы топтың ортасында желпіне сөйлеп, көптің алдын түсіп кететін шешен де емес. Ол бар-жоғы жақсы адам! Оны ел-жұрт жақсы көреді, дос-жарандары сыйлайды. Оны бәрі үнемі іздеп тұрады, онымен бәрі жиі сөйлескісі келеді, оны бәрі әрдайым сағынып тұрады. Өйткені ол жан-жағына алтын шапақты күндей сәулелі нұрын шашып тұрады, онымен тілдескен адам рухани күш-қуат алып, жадырап шыға келеді.
Рас, оның да пендешілік тұстары бар шығар-ау... Бірақ ол онысын тізгіндей біледі, қажет кезде тұсап, шідерлей де біледі. Өйткені ол – жақсы адам! «Жақсы адам – көптің ырысы, Жазғы жаңбыр – көктің ырысы» демекші, сөз соңында жамандар көбейіп, жақсылар азайып бара жатқан мына тұрлаусыз құмбыл дүниеде Ерекең, Еркін Нұрғабылұлы сияқты жақсы адамдар көбейе бергей деп тілейміз!
Сарқытбек МОЛДАБАЕВ,
Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану
ғылымдары академиясының академигі,
заң ғылымдарының докторы, профессор