Татулық пен келісімді нығайта түсу-маңызды міндет!

Татулық пен келісімді нығайта түсу-маңызды міндет!

2024 жылғы 24 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары (жаңадан тағайындалған) Юрий Германович Шин мен Буларов Лугмар Харкиевичті қабылдап, БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ, ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ ІСІНДЕГІ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ сәттілік тіледі…      
   Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXIII сессиясы жаңа құрамда республика көлемінде көптеген аймақтарда су тасқыны болып жатқанына байланысты онлайын тәртібінде өтті.
  Президент өз сөзінде:  «биылғы басқосу мемлекетіміз үшін өте күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор.  
   Бірлік пен ынтымақ-ешқашан ескірмейтін құндылықтар.     
    Ассамблея-кейбір адамдар айтып жүргендей, жасанды ұйым емес.  Ассамблея-ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бұл-конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган»,- деді.   
     «Биліктің барлық тармағы адамның заңды мүддесі, құқығы мен еркіндігін қорғауға және оны ілгерілетуге негізделген жаңа жүйе бойынша жұмыс істей бастады. Халықтың бақуатты өмір сүруіне барлық жағдай жасалып, тең мүмкіндіктер берілетін мемлекет құрамыз.   
    Еліміз қарқынды дамуы үшін ондаған жыл бойы қордаланған көптеген мәселені шешуіміз қажет. Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз. Дәл осы себепті Ассамблеяның бүгінгі сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталады. Сіздер мұның өзекті екенін түсінесіздер деп ойлаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғана емес, барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіреді», -деді мемлекет басшысы.
  Жалпыға ортақ құндылықтар:
-Тәуелсіздік және Отаншылдық.
 - Бірлік және Ынтымақ.
 - Әділдік пен Жауапкершілік.
 - Заң және Тәртіп.
 - Еңбекқорлық пен Кәсібилік.
 - Жасампаздық пен Жаңашылдық.
 Бұл, саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз. Мұның бәрі халқымыздың бірегейлігін нығайтып, еліміздің болашақ келбетін қалыптастырады. Ассамблея жұмысына арқау болып отырған қағидалар осы құндылықтармен толық үндеседі-деді президентіміз.
     Мен Ұлттық құрылтайда қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқтадым. Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл-әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оған барлығы атсалысуы керек.
   “Ұлы істер шағын әрекеттерден басталады”. Сол сияқты кішігірім қадамдар ауқымды өзгерістерге жол ашады. Әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы жақсарса, тұтас қоғам жақсарады. Мақсат - мұраты биік болса, елдің рухы да биік болады. “Адал азамат” болу аса маңызды. Бір сөзбен айтсақ, келеңсіз үрдістерден жай ғана жирену жеткіліксіз. Оны жоюға да белсене атсалысу керек. Қоғамда алауыздық тудыратын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Азаматтарымыздың бізге қатысы жоқ ақпарат майданына араласып, өшпенділікті насихаттауы еліміздегі тұрақтылыққа және қоғамдық келісімге зор қатер төндіреді. Әрқайсымыз азаматтардың құқығы тең және еркін болуын қамтамасыз ететін Ата Заңымыздың әрбір сөзін бұлжытпай ұстануымыз қажет. Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды. Біздің міндетіміз- қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайта түсу - деді мемлекет басшысы.
   ТҮЙІНІ: Біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің әрбір сөзін оқырман қауымға жеткізуді міндет еттік. Және де айтылған сөздер мен берілген барлық бағыт бағдарлардың бос сөз болып қалмай орындалуына және де жүзеге асуына Жетісу облыстық “Қоғамдық келісім” КММ-і, Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан атсалысатын боламыз.