Сынақсыз өмір-өмір емес!
Өзі адал жүріп, адал өмір сүрген, адамшылық пен өнегелік үлгісі бола білген, адам баласының табиғатын тануға, адамзат ойы-ның санасы мен танымы дамуы-на зор үлес қосқан ежелгі Грек ғұламасы Сократ:
-Мықты адамдар идеяларды,
-орташа адамдар оқиғаларды,
-ал әлсіз адамдар адамдарды талқылайды-деген екен. Және,
«Өзіңді танып біл!», «Өзіңді тану адамшылыққа жету көзі, адам бақытының кілті», «Адам өзін бақытты етеді, не сорлы етеді»,- дегенді бірінші айтқан ғұлама да Сократ екен.
Иә бүгін Жетісу облысының елге танымал, халыққа соның ішінде жастарға айтары бар қазыналы қарт өкілдері мен ақсақалдары асыл әжелері аудан, қалалардан келіп Талдықорған қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен кеңейтілген көлемде пікір талас,ашық диалог
отырысында, облыста Ақсақал- дар алқасын құру мәселесін талқылады. Отырысты облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бимұханбет Серік Дүйсенбайұлы басқарып жүргізіп отырды.
Бұл бүгінгі қазақ қоғамы үшін өте маңызды мәселе! Өйткені жаңа заманның нарықтық жүйе, нана технология жетістігімен алға ұмтылған өз дәуірлерінің өрен жастарының ой санасына ұлт ұлылығы мен құндылықтарын қалыптастыруға бірінші кезекте себепкер болып рух беретін де осы ақсақал, қазыналы қарт, игі жақсыларымыз болмақ. Екіншіден, мемлекетті, облысты, аудан-қалаларды тіптен ауылды елді мекендерді де басқаратын саяси элитасына ақыл кеңес, өмірлік тәжірибе, көрегендігін көрсете пікірлерін айта алатын да осы жандар. Отбасы ошақ қасынынан басталып Отанынға деген мейірімділік, ынтымақты бірлік, сүйіспеншіліктің дара жол сынақтарынан қалай өтудің үлгі өнегесін саралап көрсететін де асқар тау аталар мен асыл әже аналар, ақылман аға буын өкіл-дері екеніне еш күмән жоқ екені айдан анық. Өйткені, өзі де жаңа заман талабына сай, тәжірибесі өмірлік дастаны да жаңа заман жастарының көкейіне, санасына сіңіп әсерін тигізуге зерделерін ашуға сүбелі үлес қоса алатын да көрегендігі көпке үлгі осы асыл жандар дер едік.
Бүгінгі қоғамдағы қажеттіліктер турасында тақырыпқа сай пікір, ұсыныс, идеялар қатысушылар тарапынан кеңінен үлгі көрсете еркін алаңда шектеусіз өрбіді.
Түйіні: Қазіргі кездегі облыс деңгейінде өз қызметтерін елі жері, халқына арнап ізгілікті із қалдыра қызмет көрсетіп халық пен етене жақын араласып келе жатқан Облыстық, аудан, қала- лық Ардагерлер ұйымы жанынан Ақсақалдар алқасы мүшелерін бекітіп ардагерлер төрағалары ішінде бірге болып құрамына бұрыннан келе жатқан этнос өкілдерінің де тізімін жаңа мүше құрамында сайлап қалыптасқан жүйеде жаңаша бағытта ауқым- ды көлемде қызмет көрсете беру тиімді деген тоқтамға келді. Өйткені жаңадан Ақсақалдар кеңесі деп тағы бір ұйым құрып бөлектену қажеттілігі шамалы екенін жиынға қатысқан барлық ақсақалдар, әжелер, қазыналы қарттар ашық айтты. Этнос өкілі біраз азаматтар да үй ішінен үй тікпей бір шаңырақ астында қазақ халқымен бірге жастарды да алаламай барлық іске бірге ат салысайық. Бізге керегі жаңа Қазақстан,Әділетті Қазақстанды көркейтуге берекелі ынтымақты бірліктегі ғұмырнамамыз келер ұрпаққа тарихнамамыз болып қалуы деп тарасты.
Өзін-өзі танып, қазақ қоғамы қарқынды дамуы үшін,бұл шешім жоғарғы биліктің қолдауына ие болады деп сенейік!
Өйткені, тәуелсіздігіміздің ең басты ұстаным-мақсат мүддесі ол-өтпелі кезеңнің әр сынағынан сүрінбей өту!!!