Құран сөзі, Алланың өзі!
Атам қазақ: «Қорық Құдайдан, қайт райдан», «Құдайдан қорықпағаннан қорық»,- деген аталы сөздерді бекер айтпаған.
Қасиетті Құран кәрім кітабына үйінің төрінен орын бермеген, дұға, аят сөздерін қастерлеп, көркемдеп іліп құрметтемейтін қазақ некен саяқ десек те болар.
Қазір технология дамып, ғылым өз шыңына жетудің жолын біреу тәржімалап бермесе де өзіңіз-ақ интернет арқылы аударып оқуға мүмкіндігіңіз бар. Ал, қасиетті Құран кәрімнің Мұсылмандар діни басқармасы растап рұқсат еткен ана тіліміздегі кітабын кез келген қазақ оқып түсіне алады.
Иісі Қазақтың, Жаратқан Иеміз Алладан жасқанулары, Алланың бар екенін мойындауы, салған тыйым, шектеулерін пір тұтып, тағылымдарын таразылап үлгі ала отырып әркім өзінің түйсік түсінігіне сай ілім-қабілет, адал ниеттерімен қабылдап құлшылық жасаулары ата-бабадан ұрпақ санасына сіңіп жалғасып келе жатқан, құнды қасиет, қастерлі ұғымы, мұсылмандық парызы..
Ал кейбір жандардың күн санап өтіп жатқан өмірде күйбең тірлік, нәсіп-несібе, кәсіп-байлық деп жүріп бір Алланы аузына алмай өтетін кездері жоқ емес… Бірақ та басына қандайда бір іс түсе қалса мен Аллаға не жаздым деп еңіреп шыға келеді. Өзінің өткізіп алған өкінішті кезең мен белестерін, Адамнан асамын деп жүріп Алланы, раббысын ұмытып асқақтап кеткені өз кінәсі екенін мойындағысы да келмейді. Бұны да атам қазақ: «Тоқ бала аш қалам деп ойламайды, Аш бала тоқ баламен ойнамайды»,-деп қалай дөп басып айтқан дерсіз…
Адам деген пенде не тапса да өзінің жұдырықтай жүрегіндегі сенім, наным, бейімділігінен ғана табады. Сол үшінде көзбен көре білгенінің бәрін жүрек көзімен таразылап барып жүрек қалауы бойынша қаракет жасай білетін жандардың қателесуі аз және жолы ашық пәлесі қашық болады
Оны біреудің айтуынсыз-ақ өз өмір жолдарыңыз көрсетуде…
Өкінішке орай қазіргі кездегі өтпелі дәуір адамамдары ішінде өз құндылықтарын танып білуді мақсат, мүдде етпейтіндері өз кінәсін заманға жүктей салады.
Шынтуайтында өзгеріп жатқан заман емес, қоғам, мемлекеттің және өзінің адами тұрғыдағы құндылықтары үшін өзі өзгере алмай жүрген адамдар ғана.. Адамдар Құран сөзін, Құдайдың өзін мойындап құлшылық етпеуі кесірінен жаратылыс заңдылығы табиғаттың тылсым қасиеттері, ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндет парыздары, үлкен мен кішінің сыйластығының құдірет күші қоғамды да әлемді әлекке салудға өте үлкен ықпал етуде. Яғни адам болып тудың ба сол «Адам» деген атыңа сай болмай «Адалдық» деген ұғымның Алла жолында құрдымға кетуінен бар келеңсіздіктерді туындауда..
Бұл үрдісті, қолында байлығы бар немесе қолдаушысы мықты билік иелері өз ұстанымдарына сәйкес, қара бұқара қауым да өз ұстанымдарына сай жүзеге асырып келеді. Айырмасы тек бір-біріне деген сенімдеріне кері әсер етуде. Кесірінен тәуелсіздік алғаннан бергі дәуірде көптеген жағдаяттар тек ағыммен ғана өздінінен қалыптасып жүйеленді.
Бұл халық айтса қалт айтпайды дейтін «Өмірде бекітілген заң нан гөрі, бекітілмеген заң күшті» деген қағидаға саяды.
Сондықтан да бүгінгі өмірдегі ең асыл қазынамыз әр қазақтың жүрегінде шынайы иман, иба, әдеп өзара түсіністік, сабырлы шыдамды төзімдік пен көркем мінез ұлылық парасаттылығы, жыл сөзбен танытқан көңілдері ғана болып тұрғандай!
Біз осыны біріншіден өзіміз толық мойындап, содан кейін барып әр қазақстандықтардың жүрегіне жеткізе алсақ кемелденген елдің кемелді адами құндылықтарын арттыра алатынымыз күмәнсіз.
Сол үшінде Алла тағаладан барша қазаққа әр нәрсенің шынайы түпкі сыр-қырлары мен хикметтерін түсінуді нәсіп етсін, әр жанға өзінің міні мен қиқар мінезін жоятын күш қуатпен қоса парасаттылық берсін деп тілейік!