Наурыз айының соңғы күндері

Наурыз айының соңғы күндері

Наурыз айының соңғы күндері төпелей жауған нөсер жауыннан қар қалың түскен аймақтарды топан су басып,халықты әбігерге салғаны бәрімізге мәлім.Апат айтып келуші ме еді,сірә?!
Аяқ астынан туындаған алапат жеткен жерінің бәрін астаң-кестеңін шығарып,қамсыз отырған  халықтың берекесін қашырды.Жолындағы үй-жай,қора-қопсы оған тосқауыл бола алмады.Талай елді мекен су ортасында қалып қойды.Жер-жерлерде алдын ала жүргізілген дайындық шаралары іске аспай қалып,Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шұғыл кеңес өткізіп,табиғат апаты салдарынан зардап шеккендерге барлық мүмкіндіктер қарастырылып,қолдау көрсетілу керектігін тапсырды."Жұмыла көтерген жүк жеңіл"демекші,қиын-қыстау кезде халықтың жанынан табылатын төтенше жағдай қызметкерлері,әскерилер,дәрігерлер,еріктілер мен елім,жерім деп еміренетін барлық ұлт өкілдері бейтарап қалмай,ел-жұртына қолдау көрсетіп,көмек қолдарын созуда.Оған дәлел,бір ауылды (ауыл атын ұмытып тұрмын)су басқанда ауыл үдере  көшкен кезде жолдасы жұмысқа кеткен бір келіншек бес баласымен үйінен шыға алмай,қалып қойыпты.Қауіпсіз жерге жеткен соң көршісі Павел  олардың жоқ екенін байқап,тракторымен барып балаларымен аман-есен құтқарыпты.(Портрет недели31.03.24)

Иә,"Бірлік бар жерде,тірлік бар",--деген осы.Бірлігі жарасқан біздің халық бұл қиындықты да жеңеді .Апатты аймақтарда бастарына түскен ауыртпалықты бір кісідей көтеріп,көніп жатқан отандастарымызға Алла сабырлық,шыдамдылық,төзімділік берсін!Ал күн демей,түн демей жанын жалдап,тісін қайрап көмек қолын созып жатқан барлық деңгейдегі құтқарушыларға Қараталдықтар атынан алғысымызды білдіреміз және үкімет пен әкімдер арасында жүйелі байланыс орнап,мұндай жағдайлардың қайталанбауын қатаң бақылауға алса деп тілейміз