Өмірдің жаңғырығы
Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы турбелентті заманда, жасанды интеллект дәуірінде, әлемдік жүйенің ауқымды өзгерістері кезеңінде жарық көруі көпвекторлы саясаттың әр қырынан жасалған талдаулар жиынтығы ретінде қабылдануда.
Алты алаш ұлылары: «Адам баласы қылып жүрген іс - ой-ақыл болып басталады, сөз болып сөйленеді, не жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады»,- деп айтып кеткен.
Бүгінгі кітап сол Ұлы дала ойшылдары мен ғылымдарының айтқан қағидаттарының тарихи жалғасы.
Жалпы кітапта Мемлекет басшысының әрбір саланы қамтыған 330 бетте 22 тарауда Жолдаулар мен жиындарда, халықаралық форумдар мен ресми кездесулердегі, сұқбаттары мен жазбаларында 1232 тұжырымдамалары, қанатты сөздері, ой-пікірлері берілген.
Осы пайымдардың басым бөлігін мемлекеттік қызмет пен саясат сахнасында естідік, тапсырма ретінде қабылдадық. Себебі әрбір қолтаңбасы мемлекеттің болашағына бағытталған.
Кітап жастарға бағыт-бағдар беретін, келелі ойлардың жиынтығы.
Кітапты зерделей отырып, еліміздің тарихи жолын, болмыс бітімін көруге болады.
Мен кітаптың Президенттік миссия тарауына тоқталғым келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.
7 жыл ішінде әлемдік COVID – 2019 індеті, Қаңтар оқиғасы, әртүрлі төтенше жағдайлар, әскери оқ-дәрілер жарылысы, су тасқыны, үлкен маштабтағы өрттер, жер сілкіністері болды. Оны халық болып, қиын кезеңдерден абыроймен алып шықты.
Сонымен қатар, әлемдегі геосаси жағдайлар мемлекетіміздің әлеуметтік- экономикалық жағдайларына қатты әсер берді.
Оның сыртында 5 негізгі сайлау, 2 республикалық референдум, басқа мемлекеттерде аналогы жоқ Қазақстанның саяси жүйесін трансформациялау және жаңғырту бойынша саяси реформалардың 4 пакеті іске асырылды.
Мемлекет басшысы орта есеппен жылына 20-23 шет мемлекеттерге ресми сапармен барды, 110-ға жуық халықаралық кездесулер өткізді. Оған ішкі іс –шараларымызды қосыңыздар.
Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының: «Мемлекет басшысы болған сәттен бастап, қазірге дейін қабылдаған шешімдерім мен оның түрлі салдары үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен басқаша жұмыс істей алмаймын, істегім де келмейді»,- деп, сұхбат берген еді. Бұл сөзден артық мойынсыну бола ма?
Президенттің оқиғалар тізбегіне қарасақ, Президенттік миссиясы мен стратегиялық бағыты Тәуелсіздікті тұғырлы ету, Қазақстанның орта держава ретінде оң имиджін қалыптастыру және мемлекет басшысы ретінде өзінің тарихи жауапкершілігін сезінуі.
Шыншылдық — құнды адами қасиет, адамгершіліктің ең маңызды ар-ұжданы, сенімнің негізі! Шындық – ол әділеттілік!
Яғни бүгінге дейін атқарған, атқарып жатқан, атқарылатын іс-шаралары Әділетті Қазақстанды құру, әділетті экономиканы негіздеу, әдепті, әділетті қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастыру.
«Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет», «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын Үкімет», «Таза Қазақстан» қағидаттары соның дәлелі.
Оның негізгі қағидасы – азаматтар арасындағы үйлесімділік, тәртіп пен еңбекқорлық, білім мен ғылымға деген ұмтылыс және оларға құрмет!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ел мұраты еңселі, бірлігіміз бекем, шығар шыңымыз биік болсын!