
Өмір. Тағдыр. Ғұмырнама.
Адамзаттың баласы,
Әр алуан санасы.
Сыйластық пен татулық,
Ғұмырнама данасы…
Өмір… Адамның тағдыры мен ғұмырнама-айнасы. Ұлты кім болса да әр адам өмірге дана болып туыла қалмайтыны хақ.
Бірақ, даралығы арғы аталары тегіне тартып туатын жандар да қазақта аз емес. Бұл жаратылыс құдіреті, өмір тағылымы және де әрбір адам тұлға екенінің куәсі.
Әр адамның қасиеті, қатынасы әдептілігі, сабырлығы, ұстанымы өзгені айтпағанда өзінің өмірге деген көрегенді көзқарасының көкжиегінен көрініп тұрады..
Осы құндылықтарды ұрпағының бойына сіңіріп тұлғалық қасиеті қалыптасуына ата бабаларымыз шариғат заңдылығымен «Адал», «Жаны таза» адам болып өсу қағидасын қалыптастыра білген. Бабаларын бағалай біліп басын иген жандар біреудің ала жібін аттамай, өктемдік көрсетпей өз өмірі, тағдыры, ғұмырнамасында атақ абыройын сақтап халқымен өзге этнос өкілдерімен ынтымақ бірлікте өмір сүрудің өрен үлгісін дәріптеп танытып келеді.
Бұл үрдістің өзіндік ұлылығы жер шарында өмір сүріп жатқан әлем халқына тікелей қатысты.
Ал атам қазақ көне заманнан өз ел жеріне түрлі себептермен келіп қоныстанған бөгде этнос өкілдерін бауырына басып бір үзім нанын бөліп жесіп құрмет көрсеткен ұлылығын әр елдің тарих зерттеушілері ХVIII-XIX ғасырдан қазақ жеріне келіп жасаған саяхаттарында көзбен көріп тарихи дерек ретінде әлем тарихына жазып қалдырырғаны бүгіндері жарыққа шығуда.
Қазақты әлем халқы осылай бағалап қонақжайлылық салт ғұрпын, қазіргі жастардың білім қабілет, дара тұлға қабілеттерін құрметтейтіні көрініп тұрса да өз тарапымыздан үлгі өнеге тұтып қам қаракет жасауға құлшыныс танытпаймыз.. Соңғы жылдары мемлекет басшысы жастардың жан жақты жағдайы үшін өзі бастамшы болып жасап жатқан бағдарламалары ғана енді-енді жүзеге асып келеді.
Бүгінгі жастар өз замандарының талабына сай қажеттіліктерімен өмір сүруді қалайды. Бұл әлемнің барлық елінің басты мәселесі… Өйткені жастар өткеннің емес тек қана бүгінгі күннің үрдісі мен ертеңгі күннің жоба жоспарымен өмір сүруді қалайды да мақсат мүдде етіп алдарына қояды. Және сол үшін қажеттіліктерінің қанағаттануларын талап етеді.
Соған жете мән беріп өздері де заман, жаңа өмір талабына сай өзгере алмаған ескі дәуір елесін құптайтын жандар өткен өмірдің өресін өміршең етіп айта береді..
Міне жаңа дәуір, жаңа нарықтық қоғам яғни Жаңа Қазақстанды, «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» құрамыз деп үндеу жасаған Президентіміз Қ.Тоқаев тың бағадарламасын толықанды жүзеге асыруға келгенде кейбір жерлерде кері әсерін тигізетіні осының кемшін тұсы дер едік.
Біз бұны жасырып тек жақсы жағымен дәріптеп айтып жаза берсек өз-өзімізді алдап елжұрт соның ішінде жастардың үміт, сенімін ақтай алмаймыз…
Ал өмір, тағдыр, ғұмырнама деген ғұлама ұғымдар күндердің күні шынның жүзіне шығатыныда айдан анық. Өйткені, цифрлық жүйе, нана технология, ғылым жетістіктері жер анамыздың үсті ғана емес астына жасырылып көмілген көлеңкелі де астарлы ақиқаттарды ашуға ешбір ақыл сұрамасы да хақ.
Міне осы тұрғыда жер шарыны мекендеген адамзат өмір игілігі үшін тағдыр, ғұмырнама ғұлама тарихи тағылымында ынтымақ пен бірлікте, теңдікте бір-біріне деген ерекше құрмет құдіретімен өмір сүруіне әлем «Ассамблея» рөлі ерекше әсер ететін заманда алыс емес екені айқын сезіледі.
Ал Қазақия қоғамы бұл үрдіске өз ұлтының әлем мойындаған ұлылық қасиет құндылықтары негізінде өзінің ерен ерекшелігі арқылы асқақ абырой, асыл сөз шеберлігімен танылса еңселі ел қатарынан орын алары хақ!!!