Миграция мемлекеттің мерейі!

Миграция мемлекеттің мерейі!

   Миграция деген ұғымға сиятын сан алуан мәселелерді оңтайлы шешімін тауып орнына қойып отыру, мемлекет пен халықтың мерейлі мүддесі үшін орасан зор рөл атқаратыны осы жолғы АҚШ Президент сайлауында Дональд Трамптың әр сөзінде айқын да ашық айтылды. Нәтижесінде: Трамптың миграция және елдің экономикасына деген ұстанымы көптеген сайлаушылар көңілінен шығып жеңіске жетуіне себепші болды. Міне, миграция дамыған алпауыт елде де күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе екенін салиқалы саясат ұстанған елдің тәлімі қазаққа ой салып берді десек еш артықтығы жоқ шығар дер едім…
Елімізде ұлттық идеология тәлімі, заң тәртібі мен ел экономикасын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев, ұдайы айта беретін: «..Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет.
   Жазадан жалтарып, жүгенсіз кеткендер, шын мәнінде, халық пен ел мүддесіне қарсыадамдар. Бұзақылықпен және ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргіземіз дегенін;
    Біз таңдаған жол-өркендеу мен даму жолы. Үкімет жұмысын жандандырып, ел экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету қажет»,- деген ұстанымдары ел ішінде қалай орындалып жатыр…
   Соңғы кездің жаңалықтарынан төбелес, айқай шу, оқушылардың соның ішінде қыздар өзара ашық екі төбелесіп,әрекеттерін ұялмай өздері әлеуметтік желіге жүктеп қойғандарын көретін болдық….   
  Ұят болады-ау, жария еткен үн таспа фактілеріміз өзімізді заң алдында жауапқа тартылуға себепкер болады-ау деген ой да жоқ. Қайта өздері мақтан көрген қаракет, қылықтарын жария етуі заңнама сауаттылықтары төмен екендігін айқындап тұрғандай.
    Полициялар жыл басынан бері 1596 қылмескерді, криминалдық полиция 647 шетел қылмыскерін іздестіріп ұстапты. Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 15 фактісін Жамбыл облысында анықтап жанар жағармайды заңсыз тасымалдаудың 1205 жағдайының алдын алыпты.
   Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл комитеті үш күн ішінде 4 есірткі зертханасын анықтап, 6 адамды ұстаған оның 2-і шетел азаматы екен. 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелген оның13-і сату фактісі және 9-ы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде  24 кг “синтетика” және 11 кг марихуана тәркіленіпті. Бұл тек бір реткі тексеріс нәтижесі.
Өкінішке орайҚазақстан қылмыс  деңгейі жоғары елдерге жатады. 2024 жылғы Numbeo рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтапты.
  Соңғы жақсы жаңалық: Құқық қорғау органдары «90 жылғы рэкет, братва» ұғымдарының қайтып оралмауы үшін тиімді амалдар талқылануда. 2026 жылы елімізде бір де бір бандит қалмауы тиіс. Бандитизмге қандай да бір қатысы бар деген істер қайта қаралып, кезінде құтылып кеткен шортандар жаппай ұсталатын болады. Ел арасында айтылып жүрген бандалар туралы сөздерге де мән беру, олардың шын-өтірігін тексеру туралы міндет қойылды. Идеологиялық блокқа жастар арасында жүруі мүмкін “түрме романтикасына” пропаганда күшімен күресу де ұсынылды,-деп мақсат қойыпты. Бұл өте керемет жаңалық. Заң алдында кім болса да жауакершіліктің жауабын мойнына алуы керек…
  Былтыр елде 6286 ауыл болған. Биыл 6208-ге қысқарыпты. Яғни тағы 78 елді мекен жойылыпты. Соңғы 10 жылда ауылдар саны айтарлықтай азайған. 500 елді мекеннің орнын сипап қалыппыз.
  Міне бұл ресми фактілердің бәрі дерлік елімізде миграция жүйесі дұрыс жолға қойылмағандығы, ішкі және сыртқы көші-қон, еңбек көші-қоны, заңсыз көші-қонды реттеп отыратын «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының олқылық тұстары көп және мемлекет пен халықтың мүддесін қорғауға өте пәрменсіз екенінің айғақ дәлелі.
  Сондықтан бұл заңды және де осы заң аясында жұмыс істеп ел мен халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің құқық құзырын түбегейлі өзгерту бүгінгі заман талабы екенін ешқашанда естен шығармау керек!!!
  Қилы заман келе жатыр.
2025-2026 жылдары Қазақстан ға үш экономикалық дағдарыс қатар келуі мүмкін.Олар бюджет, қарыз және төлем балансының кризистері.Оған дайын болу үшін жұмсақ девальвация жасап долларды 600теңгеге жеткізуіміз керек,деді Экономикалық саясат институты  директоры Қайырбек Арыстанбеков. Егер де олар бір мезгілде туындаса, бұл үкіметті немесе реттеуші теңгенің күрт девальвациясын жасауға мәжбүр етуі мүмкін. Үкімет шығындарды тоқтаусыз өсіре беретін болса, бюджеттік кризиске ұшырайтынымыз айдан анық. Мемлекет бюджет шығындарын қысқарту қажет, өмірдің өзі үкіметті шығындарды қысқартуға мәжбүрлейді,-депті.
  Қ. Арыстанбеков осы жылдың қазан айында отандық БАҚ-ң біріне берген сұқбатында: «Біздегі инфляция жұмыс күші ақысы өсімін есептемегенде, бүкіл тауарлар мен қызметтер бағасының өсімі болып табылады» деп  айтқан еді.
   Ал бізде, «инфляция болды» дейді де тауарлар, тарифтер, қызметтер бағасы өсе береді. Бірақ инфляцияға қарап жалақы өспейді. Бұл сұраққа тіке жауап беретін адам табылуы қиынның қиыны дер едік…
  2008 жылы алғаш құрылғанда экономиканың бәсекеге деген қабілеттілігін арттырады және де тұрақтылықты қамтамасыз етеді делінген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бүгінгі қарызы 10 триллион, зияны 1,8 триллион екенін сарапшылар есептеп шығарыпты.  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Самұрық-Қазынаны реформалау мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны дұрыс деген еді…».
 Бізде, бір мәселе туындай қалса дереу жаңа министрлік, комитет не болмаса «қор» т.б. сол сияқты мекемелер құрып қаншама кадр мен қамтамасыз ете қояды…
    Олардың айлық-жалақысы да өте жоғары… Сол үрдістен болып ел экономикасы, халықтың әл ауқаты артып жатқаны шамалы.
   Түйіні: Мемлекетіміз бен халық тыныштығы, мерейлі мүдделері, қауіпсіздігі, бейбіт өмір сүрулері, берекелі,бақуатты болулары осы миграция мен экономика саласы саясатына тікелей қатысты. Дәл бүгінгі Қазақ қоғамында осы екі сала бойынша аса шұғыл емес шаруаларға бюджет қаражаты оңды-солды жұмсалып, бастысы азаматтардың табысын арттыру жұмысын дұрыс үйлестірудегі Мемлекет басшысы Қ,Тоқаевтың тапсырмалары жүйелі орындала бермейтіні өкінішті…
  Өмірдегі біліп-білінбей істелетін кейбір өкініштер ел өркениетінің өрісіне өзіндік кесірін тигізе келе арты өсекке айналып, ал өсектер өмір айнасы болып кететініне де ерекше көңіл бөлу жаңа заман талабы болып тұрғаны шындық!!!