Ұлттық идеология мен отбасылық тәлім тағдырыңның кілті

Ұлттық идеология мен отбасылық тәлім тағдырыңның кілті

Әрбір адамның өмірі, тағдыры ұлтының ұлттық идеологиясына қатысты өрбіп өркендейді.
Ал ұлттық идеологияны әрбір мемлекеттің ішкі жәнеде сыртқы саяси ұстанымы айқындайды.
Ол әрбір отбасы құндылығынан алған тәлім тәрбиесіне қарай әр пенденің тағдырының кілті, өмірі мен дүниетанымының пульті..
Олай дейтін себебіміз әр бала ана құрсағына біткеннен бастау алып бес жасқа дейін өз бойына жанұя құндылығынан ұлағатты қасиет, әдептілік, инабаттылық, мәдениеттілік, ең бастысы игі ізгіліктіліктерді қалыптастырып отырады. Арықарай дамиды.
Оның бұзылуы мүмкін емес! Тек, мінез-құлқы, кейбір қылықтары әр жастағы білім ордасы жәнеде бозбалалық шағына сай табиғат пен жаратылыстың заңдылығы негізінде өзгерседе тұлғалық түп тамырына соншалықты әсерлі болмайтынын өмір өзі дәлелдеп келеді. Мойындау, мойындамау әрине әр адам, әр отбасының өз ниет қабілетіне тиесілі..

     Қазақстан Республикасында қай салада болсын, қандай да іс әрекетке қатысты заң бұзушыны айыптауға жетерлік заңдар мен нормативтік актілер жеткілікті.
Тек кімдерге қалай қолдануға шешім қабылдауды мемлекеттік мекемелер, заң органдары өз құзырлары шеңберінде шешеді.
Ал күдікті деп танылғандарға Ішкі істер қызметкерлері анықтап ұсынған қортындылары негізінде судья зерделеп, екі тараптардың қатысу нәтижесін ескере отырып қайсы кінәлі екенін айқындап сот үкімін шығарады. Мүмкін кейбір жағдайларда бағынышты билік өкілінің ықпалы сот шешіміне тікелей әсер ететіні де өмірде өз орнын тауып келеді..

     Айтайын дегенім, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде, соңғы үш жылда жол-көлік оқи- ғаларының саны 9 пайызға өсіп, салдарынан 6,5 мыңнан астам азамат қаза тауып, 55 мыңнан астамы жарақат алған-деді.
- Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2021 жылы медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 782 адам тұрған, оның 1509-ы әйел және 77-сі кәмелетке толмаған.
ІІМ мәліметінше, бұл жылы есірткі мен психотроп заттардан улану салдарынан қайтыс бол- ғандар саны-40 адам екен.
-2022 жылы медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 136 адам тұрған, оның 1455-сі әйел және 97-і кәмелетке толмаған. Былтыр есірткі мен психотроп заттардан - 73 адам уланып қайтыс болған.
- Биыл медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 221 адам тұр, оның 1499-ы әйел және 94-і кәмелет жасқа толмаған. Уланып қайтыс болғандар саны-10 адам екен.
- Соңғы 2,5 жылда зорлық зом- былық кесірінен қайтыс болған адамдар саны - 300 ге жеткен.

     29.06.2023 жылы Петропавлда полицейлер біреудің жер төлесі- нен 113 кг марихуана тәркілепті. Бұл есірткі Петропавлдың барша тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті-депті. Ал осы жылдың басынан бері 600 кг нан астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 кг астам синтетикалық есірткі тәркіленгенін jasqazaq.kz мәлімдейді.

     Елімізде жұмыс орнында бір жылда 200-ге жуық адам қаза табады деп Еңбек министрілігі мәлімдегенін 26 маусымда 2023 жылы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23.06.2023 жылы El.KZ сайты Жетісу облысының Қаратал ауданында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірген 51 жастағы тұрғын ұстал - ды, күдіктінің бақша учаскесін де марихуананың 105 бұтасы табылған. Сонымен қатар оның жеке үйінен 2 кг ға жуық өсімдік тектес есірткі тәркіленді-дейді.
13 маусымда Жетісу облысы, Сарқан қаласының маңында қару-жарақ сақталған тағы бір орын анықталған. 7 патронмен жарақтандырылған «Байкал» тапаншасы, бір ауызды аңшылық мылтығы, 12 калибрлі шолақ мыл - тық, маркасы белгіленбеген, сериялық нөмерлері жоқ газ тапаншасы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 105 патрон тәркіленді. «Байкал» тапаншасы 2022 жыл Талдықорған қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды- деп хабарлайды.

     27.05.2023 жылы ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Ауқатты» өткізу пунктінде ірі көлемде әзірленген 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттар -ын (апиын-24 кг, гашиш-38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматын ұстаған екен.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы, «Қара қоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезін де Қазақстан азаматы ұсталған.

     Қазақстанда қос азаматтығы бар 233 адам, және ҚР-сында азаматтардың жалған құжат пайдалануының 150 дерегі
анықталды. Жалпы сомасы 2,5 млрд тг-ден асатын валютаны заңсыз өткізудің 300-ден астам жағдайына жол берілмеді, қару мен оқ-дәрілерді тасымалдауға әрекеттенген 153 әрекеттің жолы кесілді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп 21. 06. 2023 жылы Tengrinews.kz сайтында ҰҚК Шекара қызметінің баспа сөз қызметі ресми мәлімдепті.

     Қазақстанда 2021 жылы 8662 өрт оқиғасы тіркелген. Онда 335 адам зардап шекті, қаншама адам қаза тапты-деп мәлімдейді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Үкімет сағатында.
Сараптай келе, 2010 жылдан бері болған дала өрттерінің біршамасы адами фактор мен қасақана әрекеттен болғанын көреміз. Содан кейін жиі себеп болатын жағдай-мердігерлер және қызметкерлердің белгілі бір жауапсыздығы. Бір уақытта бірнеше ауданда болған өртті мамандар әдейі ұйымдастырыл- ған деп болжаған екен. 2022 ж Қазақстанда орман өртінің 801 жағдайы анықталыпты.
Өкінішке орай осы өрттерден кейін ормандағы күйік шалып қалған ағаштарды кім тазалап, қайда жіберетінін одан қанша пайда табатыны да айтылмайды.

     2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстанның халық саны 19 млн 854 мың 83 адамға жетті. Ресми деректерге жүгінсек, қазір елімізде бір млн - нан астам адам кедейлік шегін- де өмір сүреді. Ұлттық статисти- ка бюросының есебінше Қазақ- станда халықтың 5,1 пайызы кедей. Дүниежүзілік банк есебі- нше, елдегі кедей халықтың үлесі 15,5 пайыз (үш млн адам). Экономистер кедейлер саны бұдан бір жарым есеге көп бол- уы мүмкін дейді. Дүниежүзілік банктің тәжірибесіне сүйенсек, күніне 4 доллардан аз (айына 54 мың теңге) ақшаға өмір сүретін адамдар кедей саналады-деп жазады Жас Алаш 07 маусым 2023 жылы.

     «Адам баласы өмірінде ештеңе жасай алмайтын екі күн болады екен, бірі-кешегі күн, екіншісі-ертеңгі күн. Өткенді өзгерте алмаймыз, болашақты болжай алмаймыз».
Сондықтан бүгінімізді бағалай білейік! Бір-бірімізге барынша жылу сыйлап, қамқорлықпен қолдау көрсете білейік!!!
Адам-өз тағдырының керуені. Керуенге қалай ілесіп не бастап, немесе қоштап Алланың берген жасын жасайсың бұл сіздің ғана өмір-жолыңыз..Ал сіздің өмірдегі жүріп өткен жолыңыз, қаракет, қылықтарыңыз ұрпағыңыздың бойына, ой-санасына, тұлғасына қалыптасатын ізгілік сара жолы!!

     Сөз түйіні: Жоғарыда әңгіме етіп қозғаған барлық жағдайлардан өз ұрпағым аман есен, қауіпсіз де қатерсіз ұрынбай өтсін, біреу- дің жетегінде кетпесін зейіні ашық пәледен қашық болсын десеңіз жаңа заман талабына сай өзіңізден бастап жаңғыра жаңаруды мойындағаның абзал. Мейілі басшы, мейілі қосшы, тіпті қарапайым халық өкілі болсаңыз да.. Өйткені бар мәселе үндемей қалу, тұншығып өмір сүру қағида - сынан ажырауды талап етуде!!Бұл шынайы да басты шындық!

     Қазіргі кезде мемлекет басшысы «Қоғамдық бақылау» заңына қол қойып бекітіледі деп күтілуде
Бұл бұрын соңды Қазақ елінің тарихында болмаған Заң.
Басты ерекшелігі нағыз адал азаматтар қоғамдық бақылау, қоғамдық талқылау, қоғамдық сараптамаларды жүргізіп, кез келген үкіметтік емес ұйымдар, ел аумағындағы мемлекеттік орталық органдары, квазимем-лекеттік сектор субьектілерін, әскери нысандар мен дербес білім беру ұйымдарын қоғамдық бақылау мақсатында тексере алады. Міне халық болып осы үрдіске шынайы, адалдықпен ел жері, отаны, ел тәуелсіздігі мен мүддесіне өз үлесін сүбелі қоса алса, ұрпақ ертеңі мен өзінің бүгінгі өмірі үшін қоғамдық белсенділік танытуы болмақ. Сонда ғана Жаңа да Әділетті Қазақстанды бірге өрге тартып алып шығары сөзсіз!!! Әйтпесе баяғы жартас, сол жартас болып қала береді… Сонда кімге өкпе наз айтарыңыз ойланыңыз!?

     Ұлттық идеологияға, отбасылық тәліміңмен әсер етіп, тағдырыңа тарландық жасап кілтпен пультті өз қолыңа алар кез келді ағайын!