Халықтар достығының салтанаты..
Бүгін Жетісу өңірі Талдықорған қаласында, Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблея-сының ll сессиясы өтті. Күн тәртібінде «Әділетті Қазақстан құрудағы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі бағыттары» қаралып талқыланды. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері және 2 қала, 8 аудандар, Қазақстан Журналистер одағы, Қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерінен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Жиынды Жетісу облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев ашып сөз сөйлеп басқарып отырды. Жетісу облыстық Қоғамдық даму басқармасы, Қоғамдық келісім КММ-нің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Руфина Қасымқызы Усанова, Жетісу облыстық Қазақстан халқы, Ассамблеясының «Тұрақтылық, бірлік және бірегейлік-Әділетті Қазақстан дамуының негізі» атты баяндама жасап жыл бойы жасалған жұмыстарға кеңінен тоқталып қатысушылардың ыстық лебізіне ие болды.
ҚХА-ның мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Идигов Атсалим Саламович пен ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академия- сының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Злобин Бақыт Николаевичтердің қазақ тілінде ешбір мүдірмей сөйлеп өз ой пікірлерін, Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлт, ұлыс, этнос өкілдері достығының салтанатты да салиқалы ынтымақ берекесі, ел бірлігі әсіресе өскелең жас буын өкілдерінің өмір жолыннан көрсетіп келе жатқан өнегі, үлгі, ерен еңбектері және де алдағы уақытта жүйеленіп жасалатын жоспарларына қатысты ұсыным ұстанымдары қатысушылардың қолдау, қошаметіне ұласты. Өз ана тілінде сөйлей алмайтын қазақтар үшін үлгі аларлықтай ашық әңгіме өрбітті десек еш артығы жоқ болар.
Өркендеп, дамушы елдердің қатарында Жаңа Қазақстанды көркейту әрине, әсіресе жастар мен жаңа заман талабына сай өзгеріп өрге тартқан кадрлар және береке бірлігі жарасқан халық достығының салтанаты сарабдал бола берсін ағайын!!!