Көз жасын тамшылатты аспанымда.... (Жалпыұлттық аза тұту күніне)

Көз жасын тамшылатты аспанымда.... (Жалпыұлттық аза тұту күніне)

Азалы күн жарияланды елімде,
Күңіренді қайғы басып жерім де,
Саңлақтарым су астында мерт болып,
Қара шұбар бұлт басқандай көңлім де.
 
...Бала еді тайға мініп ойнаған,
Бұл өмірдің қызығына тоймаған,
"Отан үшін борышыңды ақта" деп,
Жолға салып ауыл-аймақ тойлаған.
 
Болды бәрі тәртібі мол салмақты,
Сарбаз еді ойлайтұғын жан-жақты,
Абыройлы қызмет жасап еліне,
Көзге түсті істерімен көп нақты.
 *  *   *   *
Жаттығуға бөлім де тұрды сапқа,
Көз тігіп толқындаған теңіз жаққа,
Қарамастан қатуыл қара бұлтқа,
Отырды батырларым бір қайыққа.
 
Тағдырдың жазғанына амал бар ма,
Басыңды соқсаң-дағы тасқа, жарға,
Бурадай көбік шашқан Кәрі Каспий,
Тартып кетті сарбаздарды терең орға.
 
Күнімен халқым терең қайғыруда,
Еңкейді биік тұрған көк туым да,
Сезгендей қаралы күн ел азасын,
Көз жасын тамшылатты аспаным да...

Ел мәңгі ұмытпайды батырларын,
Алтынмен қашап жазып тасқа атын,
Ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың
Сөндірмес ұрпағымыз Алау отын!