Бір шаңырақ астында

Бір шаңырақ астында

Көктемнің соңғы айы--мамырдың алғашқы күні--Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.
    Бір шаңырақ астында жиналған130-дан астам ұлт өкілдерінің ынтымағы, ырысы,берекесі мен бірлігі,татулығы жарасып біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім,көңілдерге қуаныш ұялатады.Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің,азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі.
    Елімізде қалыптасқан ұлттардың тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп,ілгері басып,ал қиын жағдайда "бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып"қол ұшын беруден тартынған емес.Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы да Қазақстанды мекендеген халықтардың  достық қарым-қатынасының жемісі.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық--біздің басты байлығымыз. Әр жетістіктерді  бағалау,оны сақтау жолында еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
    Тамыры терең,тарих қойнауы шежіреге толы біздің қасиетті Қараталдықтардың қай кезде де ел бірлігі мен ұрпақ саулығы,ұлт болашағы жолында атқарып жатқан істері көпке үлгі боларлық.
    Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық,ынтымақ-бірлігі мәңгілік жасай берсе екен.