Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетісу облыстық Ақсақалдар кеңесінің қорытынды отырысы өтті
Отырыс екі кезеңді қамтыды:
І кезеңінде - пленарлық сессия барысында, арнайы тарихшы, Қазақ ұлттық университетінің Phd докторы, «Мұра» зияткерлік мектебінің директоры әрі негізін қалаушы Алмас Тоқсанбай шақырылып, «Әкеден – ақыл» тақырыбында семинар өткізді.
ІІ - кезеңінде Ақсақалдар кеңесінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есебі тыңдалып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Шара соңында Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары Жетісу облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің жұмысын үйлестіруде, жалпыұлттық бірлікті сақтауда жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мен сапалы тәрбие берудегі еңбектері үшін «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Автор:
Отдел новостной информации