Қазақ санасын улаған жат ағым.
Тәуелсіздіктің соңғы 30 жылында дәстүрлі қазақ мұсылманына мүлдем жат діни ағым қалыптасты. Оның көрінісін жақында болған Туркия мен Сирия елдерінде болған зілзалаға байланысты діни уағыздаушылардың пікірінен анық көруге болады. Ойлап көріңізші, қазақ санасының өткенімен бүгінгісі бүгінгідей болса қайтар едік, мен бұл арқылы не айтқым келді. Айтқым келгені «Бүгінгі қазақтың діни санасын жасақтап отырғандар- қанша жерден оюлы шапан жамылып, сырмақтың үстінде отырсада, қазақтың дәстүрлі мұсылмандығынан мүлдем алыс жүргендер, тіпті бұл күшейтпелі шырай емес жат, бөтен діни сананы өздері білмей қазақтың дәстүрі атынан ұлттың діни санасына айландырып жүргендер. Тағы бір қоса кетерім бір жақты топты кінәлауға тағыда ағаттық болар, оларда білгенін істеп, дін деген иман деген осы деп жүр. Осы жерде түсініксіз бір жәйіт бағымызға орай қолымызда тұрған Абай, Шәкәрімнің танымын Алаш зиялыларының салған жолын біздің билік ұлттық сананы, соның ішінде діни сананы қалыптастыруға іс жүзінде керек деп таппай отырғаны. Келер ұрпақ алдында ортақ діни идеологиямыз деп ұрпақ алдына дұрыс жол көрсетпей отырған ауыр қылмыс деп санаймыз. Енді бүгінгі діни түсінігіміз, дәстүрлі діни танымға жат болса, онда ол қайдан келген. Өзімізідің бабаларымыз ұстанған жол қайсысы деген сұраққа тоқталуымыз керек, бұл діни түсінік бізге сырттан бүгінгі Арабтардың діни санасын, дүние танымын қалыптастырған қалаберді басқада мұсылман жұртына ықпал етіп отырған Әшхәри теологиясының бұлардың жанындағы нақылшыл догмат Ханбәли мәзҺәбі да бар-тамыр тартатын діни сенім жүйесінен келген. Осылар жасап шыққан діни сенім жүйесін бүгінгі мұсылман жамағаты толықтай қабылдап отыр, біздің қоғамға да , қарсылықтарға қарамастан кейбір құндырықтарымызды бүркене отырып орын теуіп кіріп алды. Осы бір сенімдік жүйенің арғы жағы ғана «Көр соқырланған» көрінісі осы қателікті жазбай таныған Қазақтың екі бақ жұлдызы бірі дүниенің өзі ақиқат деген Абай, енді бірі «Жаман тәпсір жайылып, жер жүзіне. Дін десе тура қашты есті азамат»деген-Шәкәрім. Абай өзінің 38-ші қара сөзінде, теологиялық мәселелерден бастап, фихһхтіқ мәселерге дейін тоқталуы, осы қателікпен жақсы таныс қана емес, сонымен қауіптенгенін де көрсетсе керек. Абайдың «дүниенің өзі де ақиқат» дегені, дүние алланың затына, метофизикалық ақиқатқа салыстырғанда жалған, өткінші болғанмен, Алла- тағала адамды, тіршілікті жаратудың мақсаты: Қалауы тұрғысынан ақиқат, қышқаша айтқанда бұл тағдыр! Тағы бір айта кететін мәселе, Алла-тағала өзінің құдыреті мен күшін қаласа жұт қылып, қаласа зілзала қылып, апаттарды барлыққа келтіру арқылы көрсетпейді. Әсілінде мына тұтас жаратылыс әлемі, оның ішінде сізде де бар, барымыз алланың құдыретінің көрінісіміз, дәлеліміз. Осыны-әлемдік қиқіметке толы үйлесімділікті-зерделейік, сол арқылы алланың құдыретіне таң қалайық, бас иейік!
Ислам тариғын оқып шықсаңыз осы бір сенімдік жүйенің белсенді әрекеттеріне куә боласыз. Ислам тарихында екі түрлі дүниетанымының-алланың жараталысынан қихметтер іздеген, алланың себепсіз ештеңе жаратпағанына сенген қахимдер мен алланың жаратылысынан қихмет іздеуді, себеп іздеуді күнә бізге нені бұйырса соны істеуіміз керек деген нақылшыл топтың-арасындағы тартысында соңғысы жеңіске жеткенін көреміз. Мұсылман санасына ғылымды, әлемді тануға деген талпынысты сызып тастаған. Бұл топ әр мұсылманның санасына өз өкілдерін орнатты. Алланың метофизикалық қалауына оның жаратқан әлемін қарасы қойды, осы жерде бір мұсылман ғылым жолындағы пақыр ретінде осы зілзалаға қатысты пікірімді айта кеткім келеді. Мен зілзаланың боларын ғалымдар-Түрік және Жапон геоглог ғалымдарының алдын-ала ескертіп медияларының дабыл қаққанына тұтас билік жүйесі мен қоғамның селт етпегенінің, тіпті сенбегенінің бір себебін сенімдік жүйенің әсерімен байланыстырамын.
Бұл аталмыш сенімдік жүйенің қуаты, жаратылыстың заңдылықтарында күшті қуаты. Бұған жекелеген адамдардың қарсы тұрып өзгертуі мүмкін емес, тек қана кеш болмай тұрып ханапи сенімдік жүйесінің Ашхари теориясының парқын ерекшелігін оқытуды және халыққа таратуды формалдық емес жүйелі түрде философиялық танымдық тұрғыда іске асыруымыз керек. Әсіресе Абай мен Шәкәрімнің теологиялық- философиялық ойларын ғылыми зерттеуді, оқытуды мемлекеттік деңгейде қолға алуымыз аса мыңызды, өйткені өз заманыда ескі мен жаңаны үйлестре отырып санаға жаңа таным сыйлаған бұндай дара оны басқа мұсылман жұртында кем тіпті жақ оның үстіне заманалар бойы орта азия кеңістігінде салтанат құрған көшпелі жұрт-бабаларымыздың ғаламды табиғаты зерттеу тәжірибесімен барлықа келтірген аса бай мәдениетімізді сақтап қалуы өте маңызды болып отыр. Бұл жерде мәдеиет дегеніміз әсте мүзейлерді толықтырған дүниелер емес, осы дүниені барлықа келтірген бабаларымыздың ақыл парасаты екен, өзіміздің тарихи санамыздың осы бастан қалпына келтірмесе бүгінгі адамзаттық ортақ құндықтарына үйлестіріп жандыртпайтын болсақ, топтармен жіктердің бітпес-теке тіресіне айналып кетеді.Бұл теке тірес демократиялық құндылықтарды өз мүдесіне пайдаланып,билікке ұмтылады. Түрлі топтар да демократияны халықтың сеніміне кіру арқылы дауыс жинап, елге билік жүргізуге ұмтылады,әсіресе тіншіл топпен табиғи түрде қалыптасқан оның қарсыласы сөссіз демократияны осылай түсінеді. Бұндай құбылыс ортаға шыққанда елдің тұрақты дамуымен заңның үстемдік құруы мүмкін емес. Өйткені бұл топтар не істеседе ел үшін емес, өзінің саяси мүдесі үшін ғана істейді. Елдің арасындағы әр келеңсіздікті өз пайдасына қолданады. Сондықтан біз әр істе абай болғанымыз жөн. Ойлан қазақ, оян қазақ!