Қазақ болып қазақ тілінде сөйлемеу ұят емеспе?
Мемлекеттік тілдің мәртебесі неге төмен? Мақаламның негізгі желісі болып отырған мәселе – мемлекеттік тіліміздің бүгінгі жағдайы қандай және болашағынан не күтуге болады деген сұрақтар төңірегінде болмақ. Сөзіміздің басын Бауыржан Момышұлының нақыл сөзімен бастағанды жөн көрдім. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытыу-бүкіл ата-бабамызды тарихымызды ұмытыу», -деген ия, өткенге көз жіберсек, сол кеңес өкіметінің кеудесі басылмай тұрған уақытта-ақ, біздің халқымыздың өз тіліне деген ниет тазалығы айта қаларлықтай еді. Оның себебі сол кезеңдердің өзінде-ақ ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміз қазақ тілінде дамыды, жетілді. Қиыр қыстап, шет қонған қазақ ауылдарының өзінде қазақ баспасөзінің тасы өрге домалап тұрды, әрбір кеңшардың шағын бөлімшелерінің өзінде қазақша кітапқа сөресі майысқан кітапханалар тоқтаусыз жұмыс істеді. Кірсең шыққысыз кітап дүкендерінің өзі қандай еді. Ауыл клубтарында қойылып жататын спектакльдер мен ойын-сауықтардың өзі біздің ана тілімізбен мәдениетіміздің дамуына қаншама үлесін қосты. Осының бәрін санамалап айтып отырған себебім – өткен күннің елесіне емешегім үзілу емес, кеңес өкіметін мақтау қолпаштау да емес, қылышынан қан тамған қиын кезде де өз ана тілімімізді жоғалпадық, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді салт-дәстүрімізді жоғалпай сақтай білдік. Ал бүгінгі күнде барымыздан айырылып, бағымыздан бас тартқандай болған күйде күн кешудеміз.Өз үйінде өз тіліміз өгей күй кешкен қапаланудан болса керек. Олай дейтініміз тәуелсіздік алғалы 30 жылдан астам уақыт болса да әліде болса Қазақ тілінің орны ойсырап жетімнің күйін кешуде. Қазақ тілі өз тұғырына қона алмай, келе жатқаны анық. неге? Бұл сұрақ әр Қазақтың ойланыуға тиісті деп ойлаймын. Деседе, Қазақ тіліңің дамыуына мемелекеттік тарапынан көп қолдаулар жасалды. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің алуан-түрлі шараларын да атқарылды.Тілді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын кадрлық, материалдық-техникалық, қаржылық жағынан толық қамтамасыз етуге қамқорлық жасалды. Бірақ осы жасалып жатқан жұмыстар мемелекетік тілдің дамыуына қаншалықты әсер етті. Қазақ тілінің дауына атқарлған іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдары мен үлкен жиындарда айтылған уәделердің көпшілігі су түбіне кетіп қалған жоқ па? Қазақ тілінің жолы болмай тұрғанының ең басты себебі-өзіміздің өкімет адамдарының мемлекеттік тілге деген ықылас-ниетінің жоқтығынан немесе аздығынан деп білемін. Ең бірінші халыққа үлгі болатын адамдар – солар. Өкінішке орай, олардың көпшілігі қазақтың өзімен де қазақша сөйлеспейді. Парламенттегілердің өзі де арасында бір орыс отырса, қазақшаны былай сырып қоя салуға түк арланбайды. Сылтаулары біреу – «бәріне түсінікті болсын» дейді, «ойымызды жеткізгіміз келеді»,- дейді. Ойлан Қазақ! Ояан Қазақ! мынау жаһандану заманыда өз ана тілімізді өзіміз дамытпасақ, өз тілімізді өзіміз құрметемесек, онда біз Қазақ бола алмаймыз. Біз әуелі өзіміз қазақша сөйлей алмай тұрып, өзгелерге қазақша сөйлете алмаймыз. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. “Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас” демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жәйт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Қазақ тілінің мәртебесін жоғарлатыу біздің басты парызымыз.
Татар халқының шығыстанушы ғалымы: Абдрахман Саади «қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай бұрынғы қалпында сақталған бір тіл болса- ол Қазақ тілі»,-денген екен. Осындай ең бай ең таза табиғи ана тілімізді шұбарламайық ағайын! Сөзіміздің соңын мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мәртебесі мемелекетік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Алайда ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек», -деді Қазақстан халқына жолдауында ендеше Қазақ тілінің бүгіні мен болашағына бірігіп атсалысайық ағайын! ойлан Қазақ! оян Қазақ!