Ауылын умытқан адам – Мангұрт
Ауыл – кіндік қанымыз тамып, туып-өскен жеріміз, алтын бесік, ұлтымыздың ұйытқысы. Ұлтымызды ұлықтау ауылды аяққа тұрғызудан басталады. Ата-бабаларымыз ерте заманнан-ақ ауылдың жай-күйі мен қадір-қасиетіне ерекше ден қойып, тіпті оны қазақи ұғым түсініктермен де байланыстыра отырған. Мысалы,
«Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» - деп, бауырынан гөрі ауылдасын жоғары бағалап, пір тұтқан. Немесе көптен бері кездеспей кеткен танысымен жолығып, хал сұрасқанда да «Ауыл аймақ аман ба?» деп әңгіменің басын ауылдан бастайтын болған. Міне, бұл да қазақ халқының өзіндік ерекше қасиеті
Қазақ ауылы гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір қазақ ұл-қыздарының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан қазан ошағы, сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы – баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс –тіршілікті әрбір қазақ баласы сағынары сөзсіз. Есейіп ер жетіп, қалаға оқуға түсіп, білікті маман болып, үлкен қызметкер болған күннің өзінде көптеген аға-апайларымыз бір уақыт бәрінен демалу үшін, ауылды сағынып, кіндік қаны тамған жеріне барып таза ауасымен тыныс алғанын аңсап, өткенін еске түсіріп, ескі жолдастарымен кездесіп, қайта оралмас рақатқа батып жатады. Ауылды қастерлеп, ауылды төбесіне көтерген мұндай жүрекжарды шығармалар көбейген үстіне көбейе берсін! Ауылды бағалауды, ауылды аялауды үйрететін, негізінен туған еліне, туған жеріне деген уыз сүйіспеншіліктен өніп шығатын осындай ақжарма дүниелер ғой!
Аулыдың жағдайын жақсартыуға ауылдың еңсесін көтеру үшін мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан жаңғырту, абаттандыру бағдарламалары жасалды . Статистика сүйенсек «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 3477 ауыл жаңғыртылмақ. Әрине, бұған бәріміз де қуанамыз! Жақсы бастамалардың ауылдың сай-жырасына, топырақ-құмына сіңіп, жоғалып кетпей жүзеге асқанын тілейміз!
Бұл жерде бір үміт, бір күдікке бой алдырып отыруымыздың да өзіндік себебі бар... Мысалы, Статистика агенттігінің 2012 жылғы мәліметіне жүгінсек, Қазақстанда 6947 ауыл болған екен. Ал енді 2019 жылдың басында, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәлімдеуінше, елімізде 6454 ауыл ғана қалған. Яғни, жеті жыл ішінде 493 ауыл мүлдем ғайып болған. Былайша айтқанда, бір жылда 70 ауыл құрдымға кеткен... Мұны таратып айтар болсақ, ай сайын 6 ауыл із-түзсіз мүлдем жоғалып отырған... Иә, бұған қалай өкінбейсіз... Өкінеміз-з... ішіміз удай ашиды...
Қазақ қауымы үшін ауылдың экономикалық, эт¬никалық, мәдени, әлеуметтік маңызы өте зор. Ауыл – ұлттық дәс¬түрді сақтаушы орта, ұлтымыздың негізгі тірегі болып келді. Алайда, осы бір ерекше әлеуметтік қауы쬬дастықтың күйзеліске ұшырағанына көп болды. Ағымыздан жарылып, ашығын айтсақ бүгінгі күні ауылдың жағдай бәрімізді алаңдатады. Жастардың ауылда жұмыссыз жүріуі, өз ауылын тастап, қалға жұмыс іздеп сандалуы мене осының салдарынан кешегі қаңтар оқиқасы жастардың албыртықа бойалдырып, арандатыушылықа баруы жұмыссыздық салдарынан шықты емеспе? Мене бұл ауылдағы жастардың жұмысыздығы бүгінгі күні ауылдың басты проблемасына айналып отыр. Ашшыда болса ақиқат.
Бүгінгі қоғамда ауыл жайын менсінбей, тәкаппарлықпен қарайтын да адамдар бар. Мүмкін олардың бұлай ойлайтын себебі ауылдың ертеңгі болашағы жоқ деген түсінігі болар. Егер ауыл болашағы болмаса, прездентіміз биік тақта, депутаттарымыз үлкен мінбелерде, белді азаматтар мен азаматшалар жоғары лауазымға ие болар ма еді? Мәдениетіміз асқақтап, өнеріміз өрлеп, біліміміз тереңдеп, денсаулығымыз артып, спорт қоржынымыз алтын мен күміске толар ма еді? Міне, осындай деңгейге жетіп, көк туымызды көкке самғатып жатқан қазақстандықтардың бәрі кезінде ауылдың, доп теуіп, мал айдап, жер қазып, отын аралап, сиыр сауып, текемет басып жүрген қазақтың қара домалақ ұл-қыздары. Сондықтан ауыл тарихымен мақтанып, ауыл өмірінің гүлденуіне жұмыла кіріскен жөн сияқты. Ауылдың әл-ауқатын қөтеру ауылдың жағдайын жақсартыу ол әр біріміздің парызымыз болып қала бермек.