Ауылы ардақтаған азамат

Ауылы ардақтаған азамат

Бүгінгі күнде қарапайым қатарда жүріп, өзінің туған ауылына жасан жақсылыған саусақпен санап тауысқысыз ерен тұлғалар аз емес.  Олар мемелекетке  ұлтқа сіңірген халыққа жасаған жақсылығын айтып бұлданбай-ақ, қалтарста жүріп қызмет етуге үйренген. Оларды айналасындағылар жақсы білгенмен, өзгелер бейхабар болуы мүмкін. Осындай дарабоз тұлғаның  бірі өмірілік ұстанымы: «өмірдің мәні ұрпақ, ал сәні кісілік яғыныи біздің ауыл осындай» дейтін қағиданы өзіне берік ұстанған,  өз існе адал дара түлғаның бірі - Заң ғылымдарының докторы, профессор Сарқытбек Сарсембай ұлы Молдабаев.  «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, бізде осындай дара тұлғалардың дарабоздық тұрпатын жұрқа тансытырып отырудың сәті түсіп, сұхбатасып отырмыз.

 -   Сарқытбек Сәрсенбайұлы сіздің «Ochaq» Тұрақты даму орталығын ашудағы негізгі мақсатыңыз қандай?

   - Ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсету және жергілікті билікпен өзара қарым қатынас орнату мақсатында аталған орталықты ашуды жөн көрдік. Біздің ортақ міндетіміз – бұл азаматтардың конструктивті өтініштеріне тиімді әрекет ету, яғни Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Естуші мемлекет» концепциясын іске асыру болып табылады. Тек қоғам мен билік арасында үздіксіз диалог жүргізу жолымен ғана заманауы геосаясат мәнмәтіне енген үйлесімді мемлекетті құра аламыз. 

Сондықтан, азаматтық қоғамды қолдап, нығайту қажет және өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу барысында туындайтын мәселелерді талқылау кезінде азаматтық қоғамды тартуды дамыту керек. 

Дәл осы үшін «Ochaq» Тұрақты даму орталығы»»Қоғамдық бірлестігі құрылды. Ғимараты үлкен, Ochaq-тың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілген. Ochaq-тың жалпы отырысында ұйымның басшылығын сайладық.  Ochaq-тың құрамына кіру яғни мүшелікті ұйымдастырдық. Ochaq-тың ұраны: «Әй қазақ, қазақ болып, қазаққа қандай пайдан тиді?» «Біздің аул» атты патриоттық ән жаздық және Ochaq ғимаратының үстіне Қазақстанның  туын тіктік. 

Ғимарат Алматы облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылдық округінің Мұқаншы ауылында орналасқан. 

-- Тұрақты даму деген не және оның мағынасы қандай?

    - Тұрақты даму - қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек.

«Тұрақты даму» түсінігі алғаш рет 1972 жылы Қоршаған ортаны қорғау бойынша Бірінші дүниежүзілік конференциясында Стокгольм қаласында қолданылған болатын. 1992 жылы бұл түсінік барлық адамзаттың жаңа өмір сүру концепциясы ретінде БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода өткен «Қоршаған ортаны қорғау және дамыту» конференциясында қолданылған болатын. 

Тұрақты даму саласының мақсаттары – БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы «барша үшін жақсы және тұрақты болашақтың сызбасы» ретінде әзірленген өзара байланысты 17 мақсаттың жиынтығы.

Енді «Тұрақты даму» - бұл қоршаған ортаға зиян келтірмейтін және экономикалық, экологиялық және әлеуметтік даму арасындағы тепе -теңдікті табатын әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін экономикалық өсу. «Тұрақты даму саласының күнтәртібі» - бұл БҰҰ-ның 2015 жылы дайындаған құжаты.

    -- сіздің ойыңызша ауылды тұрақты дамытудың мәні неде?

 - «Тұрақтылық» және «тұрақты даму» ұғымдары қоғамның әр түрлі аспектілерін сипаттау үшін қолданылады: экономикалық тұрақты даму, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы, кәсіпорындардың жұмыс істеу тұрақтылығы және т.б.

Егер біз ауылдың тұрақтылығын алсақ, онда бұл бірінші кезекте ауылдық жерлерде мүмкіндігінше қалалықтардың өмір сүру деңгейіне жақын жағдайлар жасау. Осыған байланысты бірінші кезекте әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, ауыл тұрғындарына Қазақстан тұрғындарының 48% кіреді, мұнда ауыл мен қала халқының өмір деңгейі мен сапасы арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылық әлі де сақталуда. Ауылдық елді мекендердің едәуір бөлігі күнделікті қажетті тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етілмеген. Ауылдық жерлерде заманауи талаптарға сай келетін жылу жүйесі, тұрақты жол байланысы жоқ. 

Сондықтанеңбек етуге қабілеті бар, соның ішінде жастардың миграциясы байқалуда. Нәтижесінде соңғы 15 жылда елімізде ауылдардың саны 474 бірлікке төмендеген. 

Тұрақты дамуды бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:

халықтың нақты жұмыспен қамтылу деңгейі. Оның үстіне әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат деңгейі жоғары болған сайын халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі жоғары болады;

адам даму индексіне (АДИ) жан басына шаққандағы ЖІӨ, білім деңгейі, халықтың денсаулық жағдайы кіреді. АДИ қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының көрсеткіші ретінде әрекет етеді.

-- Неліктен тұрақты даму орталығы Ochaq деп аталады?  

  -  Ошақ сөзі ежелден бері отбасына ас дайындайтын және от пен жылулықтың орны ғана емес, сонымен қатар ошақты ұрпақтан ұрпаққа көзінің қарашығындай сақтаған және ол әр адам үшін қасиетті болып есептелген. Яғни отбасы ағашы – бұл өткен,қазіргі және болашақ дегенді білдіреді.  

Демек, біздің отбасылар мен адамдар қару сияқты мықты болды, ал Отан шекарадан емес, әр отбасынан басталды. Уақыт өте келе Ошақ сөзіне деген көзқарас өзгерді, сондықтан көптеген ажырасулар, тастанды балалар мен ата-аналар және басқа да қиындықтар туындауда. 

--  Сіз айытқан осы қиындықтардың бәріне қалай төтеп беруге болады? 

- Отан – отбасынан , отбасы ошақ қасынан, даму тұрақтылықтан, тұрақтылық мақсатымыздан басталады. Біздің міндетіміз - тұрақты даму орталығы арқылы адамдарды өзінің Ошағына қайтару.  Ошақ – үшаяқты. Тұрақты даму орталығы  үш бағыттан тұрады: экономика, экология және әлеуметтік сала. 

Біздің мақсат: ауылдың тұрақты дамуын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тұрақты алаң құру; ауыл тұрғындарының толық жұмыспен қамтылуына қол жеткізу, сондай -ақ олардың табыстары мен өмір сүру деңгейін жоғарылату. 

Біздің миссиямыз: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде ауылға көмек көрсету, сонымен қатар тұрақты даму мүддесінде ауыл тұрғындарына жан -жақты қолдау көрсету. 

Біздің міндет: Орталықтың қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету; ауылда тұрақты дамуды жүзеге асыруды қолдауды ұйымдастыру; тұрақты дамуды іске асыру нәтижелерін бақылау мен бағалау нәтижелері бойынша аналитикалық және ақпараттық материалдарды дайындау.

   -сұхбаттасуға уақыт тапқаныңзға ерекше алғысымызды білдіреміз, Сарқытбек Сәрсенбайұлы! Алдыда  атқарылар істеріңіз жемісті болсын! Елдің халықтың ықыласына бөлене беріңіз. Сізге зор денсаулық тілеймін!!