«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕЛ ДАМУЫНА ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУДА

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕЛ ДАМУЫНА ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУДА

“Ауыл” партиясының Жетісу облысы бойынша өңірлік филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Молдабаев Сарқытбек Сәрсембайұлы Жарлыөзек ауылдық округінде «Ошақ Отан Орда» тұрақты даму орталығын ашқан.

Партияның қатарындағы белсенді азамат өз ауылын көркетуге осылайша үлесін қоспақ. Сарқытбек Сәрсенбайұлының ауылы – Жетісу облысы, Көксу ауданында орналасқан Жарлыөзек ауылы.
Тұрақты даму идеясы Біріккен ұлттар ұйымынан бастау алады. Оның негізінде адамзат баласының өз-өзін әрдайым жетілдіру концепциясы жатыр. Орталықта оқып, ізденуге ниетті жас ұрпаққа барлық жағдай жасалынған.

Сарқытбек Сәрсенбайұлы заң ғылымдарының докторы, профессор. Құқық қорғау саласында қызмет еткен азамат, елдің дамуына өз үлесін қосуды мақсат тұтады. «Ауыл» партиясының қатарында белсенді де жауапты азаматтардың болуы партия абыройын арттыра түседі деген ойдамыз.