Бүгін
Ақорда баспасөз қызметі: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен
азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша
үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған
Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Президент
форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп
сенетінін жеткізді» деп жазды және «Астана халықаралық форумы өз жұмысын
2025 жылы жалғастыратын болады» деп хабарлады.
Бұл
шешім халықтың қолдауын тауып, көңілінен шығады деп сенеміз. Өйткені
бүгінгі таңда сексен жылдан бері болмаған су тасқыны болып, мыңдаған
үйлер су астында қалып, жүз мыңнан астам адам өз тұрған жерінен
эвакуацияланып, көптеген отбасылары мал-мүлкінен айырылды. Мемлекет
басшысы болған жағдайға байланысты барлық шығындарды мемлекет тарапынан
өтеу туралы тапсырма берді. Қабылданған шешім және жасалып жатқан жедел
іс-шаралар халықтың көкейіндегі мұңды сейілтіп, қиын келді зардап
шеккендердің шыдамды болуына демеу болары сөзсіз.
Президеттің
шешіміне байланысты облыстарда, орталық мемлекеттік органдарда,
квазимемлекеттік секторда бюджеттен қаржы талап ететін кейбір
іс-шараларды сараптап, оларды қысқарту мәселесін қарастырса дұрыс болар
еді деп ойлаймын.
Сонымен
қатар, биылғы жылғы су апатын ескере отырып, Қазақстанның елтаңбасын
өзгертуге де біраз қаржы қажет екендігін ескере отырып, бұл мәселені де
тоқтата тұрса, жөн болар еді.
Бүгінгі
таңдағы, тасқынға байланысты зәбір шеккендерге сабырлық, ауызбірлік,
аманшылық тілей отырып, шаңырақтарыңыздың туы қайтадан көтеріліп,
көңіл-күйлеріңіздің көтеріңкі болуына тілектестік білдіреміз!